8.10 | TikTok-тағы кісі өлімі және Instagram мен Facebook-тың QАnon-ды шектеуі

Мексикалық блогер Арелин Мартинезді TikTok-қа видео түсіру кезінде өлтіріп кеткен. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Осы аптада Мартенез 10 досымен Чиуауа қаласына қыз алып қашу туралы TikTok-қа видео түсіруге келген. Видеода Арелиннің жанында қолында қаруы бар қарақшылардың тұрғанын байқауға болады. Ал қарақшылардың біреуі қыздың басынан атқан.

https://www.instagram.com/p/CF1DlRDM2FG/

Қызды атқаннан кейін видео түсіруге келгендер қашып, ал біреуі полиция шақырған.

Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, қызды атқан адам қолында оқталған қару бар екенін білмеген. Блоегрді жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті.

Facebook және Instagram QAnon қозғалысына шектеу қойды

Facebook пен Instagram әлеуметтік желісі QAnon қозғалысына қарсы саясатын күшейтеді. Оған себеп ретінде жақтастарының қастандық теориясына сенетіні, сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трампты қолдайтыны айтылған. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Концерннің мәліметінше, QAnon-ға қатысы бар аккаунттар мен топтар агрессивті контент болмаса да Instagram мен Facebook желісінде өшіріледі.

Тамыз айында Facebook қастандық теорияларын жақтаушылармен байланысты 800-ге жуық топты, 100 сайтты және 1500 жарнаманы жойды.

Instagram-да шамамен 10 мыңнан астам аккаунтқа, Facebook-та 440 парақшасы мен 2000-ға жуық топтарына шектеу қойылды. Сонымен қатар, QAnon хэштегін қолдануға тыйым салынған еді.

2017 жылы АҚШ-та пайда болған QAnon теориясының жақтаушылары әлемді педофилдік сатанистердің элиталық тобы басқарады деп санайды. Олар Американың қазіргі президенті Дональд Трамптың ғана әлемді құтқара алатынына сенімді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz