БҰҰ Бас хатшысы: COVID-19 пандемиясы қазіргі қоғам үшін өзгермелі сәт

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы салдарынан миллиондаған адам экономикалық қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді. Ұйымның ресми сайтында хатшының пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдары мен дағдарысты еңсеру жолдары туралы баяндамасы жарияланды.

Коронавирус пандемиясы қазіргі қоғам үшін өзгермелі кезең. Тарих жеке үкіметтер бұл дағдарысты қалай жеңгенін емес, бүкіл адамзаттың игілігі үшін жаһандық деңгейде бірігуімізді сынға алады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Оның айтуынша ең алдымен дамушы елдерге қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қолдау көрсету қажет. Осы орайда бас хатшы БҰҰ-да COVID-19-ға ден қою және пандемиядан кейін қалыпқа келу қоры құрылғанын хабарлады.

Сонымен қатар бас хатшы бұл дағдарыстан өткеннен соң ұйым алдында екі таңдау тұратынын айтты. Бірі барлығын бұрыңғыша қалдыру, екіншісі қиын жағдайға қалдырған проблемаларды шешу.

БҰҰ экономиканының жаһандық ЖІӨ-нің 10 пайызына ынталандыру жоспарын қабылдауды, шағын және орта бизнесті қолдауды және халықтың ең осал топтарына көмектесуді ұсынады.

Баяндамаға БҰҰ-ның түрлі мекемелері ұсынған деректер енгізілген. Мысалы халықаралық еңбек ұйымының болжауынша пандемия нәтижесінде 5-тен 25 миллионға дейін жұмыс орны жоғалуы мүмкін.

«БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы» ұйымының болжауынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 40 пайызға азаюы мүмкін. Ал Дүниежүзілік туристік ұйымы шетелдік сапарлардың саны 20-30 пайызға төмендейді деп санайды.

Халықаралық Электр байланысы одағы 3,6 миллиард адам интернетсіз қалатынын ескертеді, ал ЮНЕСКО 1,5 миллиард бала оқи алмайды деп қауіптенеді. Алайда, БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, адамзат бұл қиындықтардан өтеді.

Factcheck.kz