ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік көмек алу үшін фейк боттардың пайда болғанын хабарлады. Министрлік 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға өтінімді ТЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН және ЕШҚАНДАЙ ТӨЛЕМ ТАЛАП ЕТПЕЙТІН ресми боттарды пайдалануды сұрайды.
Өтінімді қарастыруды жылдамдату үшін әр облысқа бөлек боттар ашылды.
- Ресми бот: https://t.me/Help42500Bot
- Нұр-Сұлтан: https://t.me/NurSultan42500Bot
- Алматы: https://t.me/Almaty42500Bot
- Шымкент: https://t.me/Shymkent42500Bot
- Жамбыл: https://t.me/JambylObl42500Bot
- Қостанай: https://t.me/Kostanai42500Bot
- Қарағанды: https://t.me/Karagandy42500Bot
- Атырау: https://t.me/Atyrau42500Bot
- Түркістан :https://t.me/Turkistan42500Bot
- Ақтөбе: https://t.me/Aqtobe42500Bot
- Павлодар: https://t.me/Pavlodar42500Bot
- Маңғыстау: https://t.me/Mangystau42500Bot
- Батыс Қазақстан облысы: https://t.me/ZKO42500Bot
- Қызылорда: https://t.me/Qyzylorda42500Bot
- Солтүстік Қазақстан облысы: https://t.me/SKO42500Bot
- Шығыс Қазақстан облысы: https://t.me/VKO42500Bot
- Алматы облысы: https://t.me/AlmaObl42500Bot
- Ақмола облысы: https://t.me/Akmol42500Bot
Telegram-да әлеуметтік төлемді рәсімдеу процедурасын жеңілдетуге арналған ресми бағдарламаны имитациялайтын жалған боттар пайда болды. Telegram іздеу жолағында EgovKzBot2.0 бот атауын енгізген кезде бірнеше бот пайда болады. Сол себепті түпнұсқаны табу қиындайды.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі онлайн қызметті https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы алуға болатынын хабарлады.
Сонымен қатар Coronavirus2020.kz порталында аталған жәрдемақыны алуға арналған нұсқаулық жарияланды. Ол үшін:
- Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» ботын табу керек;
- «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;
- Өтініш жазу үшін қажет деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді.
- Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексерілмейді);
- Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға сұраныс жібереді;
- Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Жәрдемақы алушының банк есепшотына жіберіледі.
Өтініш беруге арналған басқа сайттар
Сондай-ақ, сіз egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы жәрдемақы алуға өтінім бере аласыз.

Өтініш берместен бұрын өзіңіз жайлы ақпаратты дайындап қойыңыз. Егер сіз:
- ЖШС-ның жалдамалы жұмыскері болсаңыз: ЖСН-ы, жұмыс берушінің БСН-ы, жәрдемақы алушының ТАӘ-сі, IBAN – шоттың нөмірі
- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған/ДК болсаңыз: жәрдемақы алушының ЖСН-ы, жәрдемақы алушының ТАӘ-сі, IBAN – шоттың нөмірі
- ДК-де жалдамалы жұмыскер болсаңыз: жұмыс берушінің ЖСН-ы, жәрдемақы алушының ТАӘ-сі, IBAN – шоттың нөмірі

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.