Сарапшылар әлеуметтік желіні бұғаттайтын өзгертулерді қабылдамауға шақырады

Біз, цифрлық құқық саласындағы сарапшылар, құқық қорғаушылар, журналистер, Қазақстан тұрғындары мемлекет билігін балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген сылтаумен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бақылауды күшейтетін заң нормасын қабылдау туралы ойдан бас тартуға шақырамыз.

Мұндай өзгерістерді «Бала құқықтарын қорғау туралы» заңға түзету енгізу аясында 9 наурыз күні Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдады. Біз Сенатты мұндай заң жобасын қабылдамауға шақырамыз.

Сарапшылар әлеуметтік желіні бұғаттайтын өзгертулерді қабылдамауға шақырады
Иллюстрация: Айнұр Мубарова

Мұндай ұсыныс адам құқықтары мен қызығушылықтарын бұзады. Олар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне балаларды қорғау мақсатында кез келген контентті өшіруді талап етуге, қажет болған жағдайда барлық шетелдік интернет-платформаларға қолжетімділікті шектеуге мүмкіндік береді. Бұл түзетулер конституцияға қайшы, себебі ҚР Конституциясының 20-бабын бұзып тұр.

Заң жобасы қабылданған жағдайда мұндай тәсіл адам құқықтары мен еркіндігін шектеп қана қоймай, тұрғындардың біраз бөлігінің табысына да қауіп төндіреді. Себебі 12 млн қазақстандық азамат Instagram пайдаланса, оның бір бөлігі бизнесті жүргізу үшін қолданады. Кәсіпкерлер мен әлеуметтік жобалардың басым көпшілігінің негізгі ілгерілету және коммуникация арнасы – әлеуметтік желі мен мессенджерлер.

Интернетті бір сағатқа бұғаттаудың өзі желі қолданушылары мен ұлттық экономикаға үлкен шығын келтіретіні белгілі, ал бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдау артық және контрпродуктивті бастама.

Тұтас бір платформа немесе сервисті бұғаттау, оны заңға қайшы қолданғанның өзінде дұрыс емес шара. Ал кибербуллингтен қорғайтын басқа да тиімді және ойға қонымды тәсілдер бар. Мәселен, платформалардың жеке механизмдері, құқық қорғау тәсілдері, психологтармен жұмыс және қорғаулы бағдарламалық жабдықтау, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарына цифрлық тазалық пен қауіпсіздікті үйрету.

Мұндай заң жобасы Қазақстанның халықаралық беделіне де нұқсан келтіретіні анық, себебі ол әсіресе Ресей мен Қытай қолданатын сұрқия заң мен тәжірибеге жатады.

Осы және басқа да себептер бізді қарсы шығып, Қазақстан билігінен заң жобасынан бұл нормаларды алып тастауды талап етуге мәжбүрлейді.

Егер мәлімдемені қолдасаңыз, қол қойып немесе келесетініңізді жазып, мәтінді жариялауға шақырамыз. Құжат жарияланғаннан кейін оны өзгертуге болмайды.

Қолдар:

  • Цифрлық құқық бойынша сарапшылар тобы
  • “Digital Paradigm” ҚҚ
  • “Human Rights Consulting Group”ҚҚ
  • “Евразийский Цифровой Фонд” ҚҚ
  • Белсенділер мен құқыққорғаушылар қауіпсіздігі бойынша “PANA Defenders” коалициясы
  • Алия Канатовна Шарипбаева, ҚР азаматы, Алматы
  • MediaNet Халықаралық журналистика орталығы
  • FactCheck.kz
  • Джамиля Маричева, журналист, ProTenge құрылтайшысы
  • “Glotion” құқыққорғау орталығы
  • Гулим Амирханова, журналист, медиасарапшы
  • Анарбек Назгүл, Алматы
  • Виталий Шевченко, дизайнер, видеоинженер
  • Құқықтық медиа-орталық, Астана

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz