Factcheck.kz сайтының Арман Шораев пен Әлнұр Ілияшевтің тұтқындалуына байланысты ресми мәлімдемесі

2020 жылдың 17 және 18 сәуірінде Алматы мен Қарағанды қалаларында азаматтық белсенді  Әлнұр Ілияшев пен белгілі медиаменеджер және қоғам қайраткері Арман Шораев ұсталған болатын. Екі жағдайда да ҚР ҚК-нің 274-бабы, яғни Көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталды. Қазіргі уақытта Ілияшевты екі ай қамау туралы шешім де қабылданды.

Біз, жалған ақпаратпен күресетін ұйым ретінде Арман Шораев пен Әлнұр Ілияшевқа қатысты қабылданған санкциялар шамадан тыс және ұстау мен қамауға алудың себептері айқын әрі ашық емес деп санаймыз. 

Инфодемия кезенінде, Қазақстан азаматтары расында жалған ақпарат таратушылар мен алаяқтардың шабуылына ұшырап жатқан тұста журналист пен азаматтық белсендіні ұстау және тұтқындау азаматтық қоғамға жасалып жатқан қысым және пікір еркіндігі құқығының бұзылуы ретінде ғана түсіндірілуі мүмкін. 

Біз ҚР ІІМ. ҚР Бас прокуратурасынан және ҚР Әділет министрлігінен Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары мен еркіндігін бұзуға жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырамыз. Арман Шораев пен Әлнұр Ілияшев істері полиция және өзге де бақылаушы орган қызметтерінің қызмет бабын асыра пайдалану тұрғысынан мұқият тергелуі тиіс. Тергеу барысында заңбұзушылықтың ауырлығына сай барынша жеңілдетілген бұлтартпау шарасы қолданылуы керек. 

Сонымен қатар, біз аталмыш іс бойынша тергеу тоқтамаған жағдайда толығымен ашық сотты талап етеміз.

Бізге қосылам деген БАҚ редакциялары мәлімдемені өз сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына жариялап, бізбен ниеттес екендерін білдіруге шақырамыз.

Бұл мәлімдеме тиісті ведомстволарға ресми хат арқылы жолданатын болады. 

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz