280 орынға 5,5 млрд теңге: инфекциялық аурухана бағасы ақталды ма?

Алматыда 280 орынға арналған модульдік инфекциялық госпиталь мен астанадағы 200 орынға арналған госпитальдің құрылысы басталғалы жұрт назары сол жаққа ауды. Бір госпитальдің құрылысы шамамен 5 млрд теңге болғанына қазақстандықтар таңданып, тіпті ашуланып та жатыр. BI Group компаниясының өкілі Айдос Мұқатаев бұл бағаның нарықтағы бағадан төмен екенін, компания құрылыстан пайда таппайтынын мәлімдеп, қорытындысы бойынша барлық есепті ұсынуға уәде етті. Желі мен БАҚ госпитальдің құнын басқа да нысандармен, оның ішінде Алматыдағы пәтер бағаларымен салыстырып жатыр. Мәселен, төмендегі суретте.

280 орынға 5,5 млрд теңге: инфекциялық аурухана бағасы ақталды ма?

Мұны постерде суреті пайдаланылған Вит Ермоленконың өзі айтты ма, әлде жазды ма, белгісіз. Оның Facebook парақшасынан біз мұндай ақпарат таппадық, ал kun.kz сайтының инстаграм парақшасы белсенді болғанымен сайттың өзі қараусыз қалған тәрізді. Сол себепті бұл пікірді халықтың үндеуі деп қабылдап, қоғам қызығушылығын ескере отырып, аталған салыстырудың мән-жайын анықтап көрдік. Ал балансты сақтау үшін осыған ұқсас госпитальдерді салу құнын есептеп, аурухана құрылысы бағасына сай келе ме деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Пікір: 280 орынға 5,5 млрд дегеніміз – бір орынға 19,7 млн. Бұл Қазақстанда ең қымбат саналатын Алматы қаласындағы 1 бөлмелі пәтер бағасымен бірдей.

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

Неге жартылай шындық? Себебі Алматыда 19,7 млн-ға шынында пәтер сатып алуға болады. Бірақ орталықтан алу мүмкін бе екен? Өйткені 2020 жылдың алғашқы тоқсанында шаршы метрдің орташа бағасы 417 мың мен 423 мың теңге аралығында болған. Яғни, Алмалы ауданындағы 1 бөлмелі (хрущевка) пәтер (31,5 шаршы метр) шамамен 22 млн теңге тұрады. Жалпы 12 шаршы метрлік пәтерлер де бар, егер сіз осындай бөлмеде тұруға дайын болсаңыз, азырақ сомма төлеуге болады.  

Неге манипуляция? Тұрғын-үй нарығы (екінші деңгейлі немесе бірінші деңгейлі) мен пәтер бағасын инфекциялық аурухананың құрылысымен салыстыру жөнсіз. Оған қоса, бұл обьектілер түрлі мақсатта соғылады және оларға әртүрлі санитарлық талаптар қойылады. Және бұл тек қана төсек-орын емес, вирустың таралуын болдырмау және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында салынған оқшауландырылған палата.

Негізгі шешімі мынадай: төменде Алматыдағы пәтер бағасын талдаймыз, бірақ әуелі госпиталь бағасына тоқталайық.

Госпитальге 5 млрд теңге жұмсалуы орынды ма?

Иә, орынды. Тәуелсіз баға алу үшін біз модульдік құрылыспен, оның ішінде госпиталь соғумен айналысатын бірқатар компанияға хабарластық. Ресейлік компаниялардың бірі «Ависта Модуль Инжиниринг» бірден жауап қайтарды, сол үшін алғыс айтамыз. Олар бізге 2020 жылдың 6 сәуірінде (яғни валюта бағамы сәйкес кезеңде) жасалған Новосібір қаласындағы 120 орынға арналған үш корпусты госпитальдің жобасын ұсынды. Бір ғана модульдің өндірісі 315 млн рубльден артық шығып тұр, бұл 5,65 курсымен шамамен 1,8 млрд теңге. Және бұл тек модуль ғана және 280 емес, 120 орынға арналған. Яғни 280 орынға арналған модуль шамамен 4,2 млрд теңге болады.

Жоба бағасына мыналар кірмейді
– Құрылысқа арналған алаңды дайындау, соның ішінде іргетас құю үшін алаңды тегістеу және таптау.
– Ғимарат іргетасын салуға арналған құрылымдар мен материалдар.
– Ғимаратқа сыртқы инженерлік коммуникацияларды жеткізу.
– Энергиямен жабдықтау, су құбыры, кәріз желілерін жеткізу, оның ішінде монтаж жұмыстары кезінде уақытша орнату да бар.
– Монтаж жұмыстары бойынша үстеме шығындар (жол жүру, тұру, жұмысшылардың тамақтануы, кран техникасы).
– Құрылыс алаңына құрылымдарды жеткізу және жинақтау бойынша көлік шығындары. Алаңға түсіру.
– Комплектация (Жинақтау).

Осы шығындардың бәрін құрылыс компаниясы өз мойнына алады. Яғни, коммуникациядан бастап, госпитальді санитарлық талаптарға сай желдеткішпен жабдықтауға дейін өзі жауапты. Осының барлығы бюджеттің маңызды тіпті негізгі бөлігін құрайды. Алматыда салынып жатқан госпитальге ұқсасын Мәскеуде кем дегенде 5 млрд рубль (баға 7 млрдқа дейін көбеюі мүмкін) деп бағаланып отыр. Яғни, 28,2 млрд теңге. Госпиталь 900 орынға арналған. Есептесек, бір төсек-орынға кем дегенде 31,3 млн теңгеден келеді. Айтпақшы, құрылыс компаниясының есептеуі бойынша Қазақстан астанасындағы госпитальдің қорытынды бағасы осындай (төменнен қараңыз).

Осылайша, біз жоғарыда атап өткен шығындарды қоссақ расымен 5, тіпті 5 млрд теңгеден де көп болуы мүмкін. Растаймыз – баға орынды және құрылыс компаниясынан аудит пен уәде етілген қорытынды сметаны күтеміз.

Еуропа нарығымен салыстырмаймыз, өйткені ол жақта еңбекақы әлдеқайда жоғары және мұндай госпитальдер соғылған жоқ. Бірақ дерек ретінде айта кетсек, АҚШ-та толық жабдықталмаған 120 орындық госпиталь бағасы – 52 миллион доллар. Егер құрылыстың өз бағасы 25 млн екенін ескерсек, оның көп бөлігі корпусқа арналған құрылыс материалдарына емес коммуникацияны кіргізу мен құрылысшылардың еңбекақысына кетеді.

Дегенмен, Қытайдағы ауруханаларға қанша қаражат бөлінді?

Қытайдың Хубэй провинциясы Ухань қаласында жедел түрде аурухана салу шараларын бастағанда бүкіл әлем осы екі аурухана туралы айтты. Екі аурухана 2600 орынға арналған, 1000 орын Хуошэньшань және 1600 Лейшеншаньда.

280 орынға 5,5 млрд теңге: инфекциялық аурухана бағасы ақталды ма?
280 орынға 5,5 млрд теңге: инфекциялық аурухана бағасы ақталды ма?

Қытайлық The Paper басылымы Реформа және дамыту ұлттық комиссиясына сілтеме бере отырып екі аурухана құрылысы мен маңызды медициналық құрылғыға комиссия 300 млн юань бөлгенін хабарлады. 300 млн юань дегеніміз 14 сәуірдегі курс бойынша (27 қаңтардан бері курстың ауытқып жатқанын ескерсек) – шамамен 18,7 млрд теңге. Егер осы соманы жоғарыдағыдай біз де 2600 орынға бөлсек, Қытай билігі ауруханадағы бір төсек-орынға шамамен 7 млн теңге жаратқан.

Сонымен қатар, қытайлық State Grid Corporation of China электржелісі компаниясының мәліметі бойынша, олар құрылысқа 60,28 млн юань (шамамен 3,7 млрд теңге) инвестиция құйған. Егер осы соманы Реформа және дамыту ұлттық комиссиясы бөлген қаражатқа, яғни 300 млн юаньге қосып тағы да 2600 орынға бөлсек, ауруханадағы бір орынға 8,6 млн теңге кеткен.

Қазақстандық төсек-орынның қытайдыкінен біршама айырмашылығы бар. Дегенмен жоғарыда инвесторлар тізімі толық емес. Кейінірек госпитальге жеке компаниялар ақша бөлгенін анықтадық, бірақ инвестиция көлемі әзірге белгісіз. Егер анықтап жатсақ, материалды толықтырамыз.

Ал 20 сәуір күні Қазақстандағы госпитальдердің уақытша емес тұрақты екені туралы ақпарат шықты, яғни оларға демонтаж жасалмайды, ал жабдықтау көп жылға арналған. Бұл да бағаға әсер етеді.

Жалпы госпитальдерді визуалды бағалаудың өзі қазақстандық госпиталь жабдықтауы бойынша басқаларға қарағанда технологиясы алда екенін байқатады. Төменде Нұр-Сұлтандағы және Лейшэньшань госпитальдерінің видеосы және Айдын Рахымбаевтың сипаттауы.

Айтпақшы, Рахымбаев мырза Қытайдағы төсек-орын бағасы туралы мәліметті қайдан алғанын көрсетпеген. Және біздің алдын ала болжамымыз бойынша жабдықталған ауруханадағы төсек-орынның орташа бағасы 143 мың доллар екенін салыстырсақ аздап таңырқап тұрмыз.

Біз желідегі мәліметтерді мұқият қарап шығып, бұл жерде не мәліметтерге манипуляция жасалған, не өрескел техникалық қателік немесе аудару кезіндегі қате бар деген тұжырымға келдік.

Мәселе мынада, Anesthesiology журналында жарияланған материал бойынша бұл ковид госпиталіне айналдырылған Уханьдағы күрделі аурухананың бағасы. Бұл аурухана туралы біз бұған дейін жаздық. Тұрақты госпиталь бағасы модульдіктен қашанда жоғары болады. Сонымен қатар мақалада барлық қытайлық модульдік госпитальдердегі 12 мың төсек-орынның бағасы көрсетілген – 158 миллион доллар. Бұл орташа есеппен бір төсек-орынға 13 мың доллар немесе 5,7 млн теңге. Еске сала кетейік, бұл қосымша обьектілері жоқ уақытша госпитальдер. Олардың бір бөлігіне демонтаж жасалған және оларды қазақстандықпен салыстыру орынсыз.

Қорытынды:

  • Салыстыратын болсақ, біздің есептеуіміз бойынша Ресейдегі госпиталь Қазақстандағыдан әлдеқайда қымбат.
  • Қытайда төсек-орынға мемлекеттен бөлінген қаржы Қазақстан мен Ресейден әлдеқайда аз.
  • Дегенмен, модульдердің бағасын, қытайлық инвестицияның толық емес екенін және бюджеттің негізгі бөлігі госпиталді тұрғызуға кететінін ескерсек, Қазақстандағы госпиталь бағасы орынды және көтермелеп айтылмаған.
  • Дегенмен, аудит жүргізілмей тұрып оны нарық бағасынан төмен деп айтудың қажеті жоқ.

Енді пәтер мәселесіне келейік.

Шынында Алматыда пәтер бағасы қанша?

Көптеген мекемеде бағаның орташа есебі жүргізіледі. Осы параметрді негізге алсақ, бәрі сәйкес келіп тұр. 2020 жылдың 14 сәуірі бойынша Алматыда бір шаршы метрдің орташа бағасы бөлме санына байланысты 344.683 — 384.667 шамасында болды, яғни теориялық тұрғыда адам 19,7 млн теңгеге 51-57 шаршы метрлік пәтер сатып ала алады.

Бірақ орташа есеп те нақты бағаны көрсетпейді. Егер аудан, құрылыс түрі, бөлме саны, соғылған жылы, жөндеу жұмысы, қабаты, инфрақұрылымы, қараған кезең мен аумағы секілді факторларды негізге алсақ қорытынды басқаша шығады. Жалпы пәтер бағасы сіз қарастырып отырған факторлар бойынша өзгереді. Осылайша, 2020 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша бұрын жатақхана бөлмесі болған 12,5 шаршы метрлік пәтерді 5 млн теңгеге де алуға болады. Жалпы осы секілді асханасы мен жуынатын бөлмесі (санузел) бар 3-6 пәтер алуға болады. Оны толыққанды бір бөлмелі пәтер деп айтуға бола ма, ол басқа сұрақ.

Тағы да төсек-орын туралы

Біздің түсінуімізше, пандемия кезінде бұл маңызды көрсеткіш. Төсек-орны аз елдер көбірек зардап шегеді. Төмендегі диаграммада елдердің ауруханаларындағы орын санын көрсетеді. Осы тұрғыда төсек-орын санын 1000 адамға шағу елдің нақты жағдайын көрсетеді.

Factcheck.kz