Колледж студенттерінің 70%-і тегін оқи ма?

Кейінгі бірнеше күнде қазақ тілді интернет кеңістікте “Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды” деген ақпарат тарап жүр. Ақпаратқа сай, қазіргі уақытта колледжде 525 мың студент білім алуда. Аталған деректі Factcheck.kz тексеріп көрді.

Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды.

Интернет кеңістіктегі ақпарат

Үкім: Шындық

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ке жуығы тегін оқиды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, техникалық мамандықтарға сұраныс көп.

Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұл үрдіс келешекте де сақталады. Сондықтан қажеттілікке сай кадр әзірлеу маңызды. Колледждерді мамандандыру аясында ұстаздарды қайта даярлау, материалдық-техникалық базамен жабдықтау қажеттігі туындайды. Осы мәселелерді ескеру және маман даярлауда жергілікті жұмыс берушілерді мейілінше жұмылдыру қажет.

Тамара Дүйсенованың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz