Жартылай шындық | Қазақстанда гематолог мамандар жетіспейді

2018 жылдың 21 ақпанында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлының атына жолдаған депутаттық сауалда Мәжіліс депутаты, “Нұр Отан” фракциясының мүшесі Зәуреш Аманжолова гемофилия туралы былай дейді (орыс тілінен аударылды): “Қазіргі таңда елімізде 1523 гемофилиямен ауыратын адам бар, оның ішінде 432-і балалар, ал небәрі 62 гемотолог маман қызмет атқарады”. Депутат “Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығының” шығарған статистикасына жүгінген.

Үкім: Жартылай шындық

Аталған деректерге қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Л.Ахметниязова төмендегідей деректер келтірді:

Қазіргі таңда Республика бойынша әртүрлі тұқым қуалайтын қан ұюының бұзылуы, яғни гемофилия ауруларымен диспансерлік тіркеуде 1203 емделуші тұр, оның ішінде 771-і ересектер, 432-і балалар. Департаменттің статистикалық есеп және талдау басқармасының 2017 жылғы статистикалық мәліметі бойынша, Қазақстан Респуликасында 198 онколог/гематолог жұмыс жасайды”.  Медициналық көмекті ұйымдастыру департамент директорының айтуы бойынша “Онколог/гемотолог” мамандар бұл аурудың күрделенген, тереңдеетілген түрімен жұмыс жасайды.  Қазіргі таңда шамамен есептегенде 6 емделушіге 1 дәрігерден келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда гемофилия ауруын анықтайтын және онымен ауырған адамдарды емдейтін 4 орталық жұмыс істейді.  Республикалық деңгейде балалардың диагнозын нақтылау диагностикасы

  • «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК
  • Астана қаласындағы «Universiti Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
  • Республикалық диагностикалық орталығында,
  • Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында жүргізіледі.

Бұл орталықтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етеді.

Анықтама үшін

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық сатып алу желісі орталықтандырылып, амбулаториялық дәрі-дәрмекті қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 128 млрд. тенге бөлінді, бұл былтырғы жылға қарағанда 20% көбейген және гемофилия еміне мемлекет есебінен 12,5 млрд.тенге бөлінген.

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор