ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ: «Алтын белгi» иегерлері барлық грантты алып кетеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың 14 тамызында білім гранты иегерлерінің қосымша тізімін жариялады (негізгі тізім 2017 жылғы 10 тамызда шыққан болатын). Бюджет қаржысының белгілі бір бөлігі «Алтын белгі» иегерлеріне кетті. Factcheck.kz грант негізінен «Алтын белгі» иегерлеріне бұйырады деген пікірдің рас-өтірігін тексеріп көрген еді.

Үкім: Жартылай шындық

Белгілі бір мамандықтар төңірегінде ажиотаж ара-тұра болып тұратын, ал 2017 жылы жағдай мүлдем басқаша болды.

Төмендегі статистикада «Алтын белгі» иегерлерінің үлесі басқа да басым құқық иелерімен, яғни халықаралық, республикалық және президенттік олимпиадалардың, ғылыми жарыстар мен спорт сайыстарының жеңімпаздарымен бірге көрсетілген. 2017 жылғы статистикада «Алтын белгі» жеке категория ретінде берілмеген. Мемлекеттік грант бойынша күндізгі оқу мамандықтары және мемлекеттік жоғары оқу орындарына бөлінген грантты басшылыққа алдық, өйткені, «Алтын белгілер» де, олимпиада жеңімпаздары да негізінен соларға тапсырады.

Мамандықтар бойынша қазақ және орыс бөлімдеріне бөлінген грант бөлек саналды, себебі олардың саны да, оларға тапсыратын адам саны да тең емес.

Мақаламызда келтірілген деректердің барлығын дерлік ашық дереккөзден – 2015 – 2017 жылдардағы Білім және ғылым министрлігі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің тамыз айындағы санында жариялаған тізімнен тауып алуға болады.

Біз 2015 жылдан 2017 жылға дейін бөлінген гранттың 27%-дан астамын «Алтын белгі» иегерлері мен басқа да басым құқық иегерлері алып кеткен мамандықтарды бөліп көрсеткенді жөн көрдік. Биыл алдыңғы жылдармен салыстырғанда барлық мамандық бойынша қалаған грантқа қол жеткізу мүмкіндігі молырақ болғанын атап айтқан жөн: 2015 жылы «Алтын белгі» иегерлері мен олимпиада жеңімпаздары 21 мамандық бойынша барлық бюджеттік орынды иемденіп кетсе, 2016 жылы мамандықтар саны 24-ке жеткен, ал 2017 жылы өзбек филологиясының орыс бөліміне берілген жалғыз грант осындай басым құқық иегеріне бұйырған. ҚР Білім және ғылым министрлігімен қатар, жекелеген облыстар мен университеттердің 2017 жылы 6000 грантты артық бөлуі жағдайдың өзгеруіне себепкер болды деуге болады, бұл жөнінде ҚР БҒМ жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Құқық және заң

Заң және құқық саласында конкурс әлі де жоғары болып қалып отыр. Бюджеттік орынның 50%-ы үшінші жыл қатарынан «Құқық қорғау ісі» (қазақ бөлімі), «Халықаралық құқық» (қазақ бөлімі), «Кеден ісі» (қазақ бөлімі) және Заң (орыс бөлімі) мамандықтары бойынша басым құқық иегерлеріне бұйырып отыр. «Халықаралық құқық» мамандығының орыс бөлімі бұрынғыдай өтімді емес – оқуға түскендердің 62%-ы ешқандай да басым құқық иесі емес. Бұған грант санының 7-ден 13-ке артқаны да себеп болды.

Экономикалық мамандықтар


Экономика мамандықтары бойынша орыс бөлімінде әлі де орын тапшы. «Алтын белгі» иегерлері мен олимпиада жеңімпаздары «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Қаржы және экономика» мамандықтары бойынша гранттың жартысынан көбін алып кетеді. Дегенмен, 2017 жылы жағдай сәл өзгерген, бұған да грант санының барлық мамандық бойынша екі есеге артқаны себеп болған болуы мүмкін.


Биыл экономомика мамандықтарының қазақ бөліміне қандай да бір артықшылықсыз түсу мүмкіндігі жоғары болған. Мәселен, «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бұрын грант тек қана үздіктерге берілетін болса, 2017 жылы гранттың 97%-ы «Алтын белгі» алмағандарға бұйырған.

Білім беру және гуманитарлық ғылымдар


«Алтын белгі» иегері немесе сайыс жеңімпазы болуды көбірек қажет ететін тағы бір мамандық – «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт». Қазақ бөліміндегі гранттың 85%-ы, ал орыс бөлімінде 76%-ы осындай басым құқық иегерлеріне бұйырған. Осы мамандық бойынша ауыл квотасы да өтімді.

Медицина


Медицина бойынша болашақ стоматологтар үшін конкурс қиынға соғып тұр. 2015 және 2016 жылдары қазақ бөлімінің барлық гранты басым құқық иегерлеріне бұйырған. Биыл қазақ бөлімі үшін бюджеттік орын саны 38-ден 33-ке қысқарғанына қарамастан, «Алтын белгі» иегерлері мен олимпиада жеңімпаздары айтарлықтай аз, дәлірек айтсақ, 61% ғана.

Әлеуметтік ғылымдар және сервис

Соңғы үш жылда «Алтын белгіге» сұраныс артқан аздаған мамандықтың бірі – «Дизайн» (қазақ тілінде): 2015 жылы грант иеленгендер қатарында үздіктер мен олимпиада жеңімпаздары болмаса, 2016 жылы олардың үлесі 15% болған, ал 2017 жылы 31%-ға жеткен. Дизайн мамандығы бойынша орыс бөліміндегі жағдай да осыған ұқсас: 2016 жылы 13% болса, 2017 жылы 38%-ға жеткен.


Журналистика бойынша сұраныс сәл төмендеу, бірақ тұрақты: соңғы үш жылда қазақ бөліміндегі грант иегерлері арасында «Алтын белгілер» мен олимпиада жүлдегерлерінің үлесі – 39%. Орыс бөлімінде сұраныс артып келеді: 2015 жылы мүлдем болмаса, 2017 жылы 28% болған.
div class=”infogram-embed” data-id=”d68eec2f-620a-4662-957b-eabed7df21a4″ data-type=”interactive” data-title=”Rus – other grants”>

Техникалық мамандықтар

Ешқандай артықшылық берілмесе де, техникалық мамандықтарға түсу оңай – 2017 жылы үздіктер мен олимпиада жүлдегерлерінің үлесі 10%-дан аспаған. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша олардың саны айтарлықтай азайып келе жатқанын аңғарамыз: 2015 жылы қазақ бөліміне бұл мамандыққа түсуге ниет еткен басым құқық иегерлерінің үлесі 51% болса, 2017 жылы бұл көрсеткен 3% ғана болған. Орыс бөлімінде де солай: 2016 жылы 34% болса, 2017 жылы 2% болған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 жылы «Алтын белгі» иегерлерін барлық талапкермен теңестірмекші. Грантқа түсу кезінде оларға тек ҰБТ-да теңдей балл жинаған уақытта ғана артықшылық берілмек.

Factcheck.kz