Жалған | ҰБТ тапсырып отырған түлектер – видео

Елімізде биыл ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Пандемияға байланысты біраз өзгерістер болды. Оның ішінде ара-қашықтықты сақтау, аудиторияны тек 50%-ке дейін толтыру және т.б.

Сондай-ақ, ҰБТ тапсырушыларды бақылау әдісі туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұл видеоны біреулер бұрынғы видео десе, енді біреулері біздің елге қатысы жоқ деп жазды. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Үкім: Жалған

Ұлттық тестілеу орталығының инстаграм парақшасындағы мәлімет бойынша, видео өткен жылы түсірілген. Былтыр ҰТО жаңа “ReLive” бағдарламасын сынақтан өткізген. Видеоны жақсылап қарасаңыз қатысушылар арасында ешқандай ара-қашықтық әрі масканың жоқ екенін байқаймыз.

Контекст

ҰТО инстаграм парақшасындағы мәлімет бойынша, биылғы ҰБТ-ны бақылаудың жаңа “ReLive” атты бағдарламасы әзірленді, алайда коронавирусқа байланысты аудиториялардағы қатысушылар саны үш есе қысқарып, тапсырма әлдеқайда жеңілдетілді. Себебі әрбір емтихан онлайн көрсетілетіндіктен, бақылау бұрынғыдан оңай.

Бағдарламаны 2019 жылы Назарбаев Университетінің профессоры әзірледі. Компьютерлік көру технологиясының (Computer vision) көмегімен көшіру ықтималдығы жоғары қатысушыларды автоматты түрде анықтап, барлығын журналға жазуға мүміндік береді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz