YouTube журналистерді қолдауға 7 млн доллар жұмсайды

YouTube журналистерді қолдауға 7 млн доллар жұмсап, ақшаның бір бөлігін жас журналистердің видео контент жасауына бөледі. Бұл туралы Axios сайты хабарлады.

Сонымен қатар, бұл ақша журналистерге жоба жасауға үйретуге жұмсалады. YouTube-тың 50 000 долларға жуық грантын шамамен 50-60 журналист алады.

Ал қаржының екінші бөлігі “digital first” басылымдарына бөлуге жоспарланған. Мұндай басылымдардың шамамен 30-ға жуығы таңдалып, олардың әрқайсысы 200 мың доллар алады.

Журналистерге бөлінген қаражат бұқаралық ақпарат құралын қолдайтын Google News Initiative қорынан түседі. Бұл қор алдағы үш жылда БАҚ-ты қолдауға шамамен 300 миллион доллар бөледі.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz