YouTube COVID-19 жайлы фейк таратқан миллионнан астам видеоны өшірді

YouTube компаниясы коронавирус пандемиясы басталғалы “COVID-19 жайлы қауіпті жалған ақпарат таратқан” миллионнан астам видеоны өшірді. Бұл туралы Golosameriki.com сайты хабарлады.

Компанияның хабарлауынша, YouTube денсаулық сақтау сарапшыларының сөзіне, Ауруды бақылау және алдын-алу орталығы мен ДДСҰ дерегіне сүйеніп шешім қабылдайды.

«Біздің саясатымыз әлемде зиян келтіретін кез келген видеоны жою», – деді желі өкілі.

YouTube хабарламасы саяси лидерлер әлеуметтік желілерді “коронафейкке қарсы дұрыс жұмыс жасамады” деп сынаған тұста жарияланды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz