Халықаралық олимпиадаға қатысушылардың 90%-і қазақ мектебінен бе?

1 мамырда KazTAG ақпарат агенттігі елорда мектептерінің бірінде ата-аналармен кездескен мәжілісмен Қазыбек Исаның мәлімдемесін хабарлады. Мәлімдеме Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін өзгертуге және қазақ мектептеріндегі білім деңгейіне қатысты болды (жанжал тудыруы мүмкін) және бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланды. Сондықтан депутат айтқан кейбір пікірді тексереміз.

Қазыбек Иса астаналық мектептердің бірінде ата-аналармен кездесуде талданып жатқан мәлімдемені жасады.

Мәлімдеме: Қазақ мектептеріндегі білім деңгейінің төмен екені – аңыз. Халықаралық олимпиадаларға қатысушылардың 89-90%-і – қазақ мектептерінің оқушылары.

Қазыбек Иса

Үкім: Манипуляция

Расында, қазақша мектептердегі білім деңгейі төмен деп айтудың қажеті жоқ (төмендегі статистиканы қараңыз). Дегенмен қазақ мектептерінен олимпиадаға қатысушылардың 89-90 проценті туралы айтқанда депутаттың нақты не айтқысы келгені түсініксіздеу: Мұнда тек қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушылары туралы айтылды ма? Әлде орысша кластармен қатар қазақша кластары бар мектептер жайлы ма немесе жалпы, кейбір пән қазақ тілінде оқытылатын немесе бастауыш пен орта мектепте қазақ тілінде оқытылған, ал жоғары кластарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылатын оқу орындары туралы ма (НЗМ-дегідей)?

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы сайтындағы (дарынды балалар мен талантты жастарды анықтаумен және қолдаумен айналысады) «олимпиадашылар» туралы 2021 жылғы барлық ақпаратты талдай отырып, біз қазақ мектептерінен халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушылар – 33% деген қорытындыға келдік. Үш тілде оқытатын мектептер ең көп олимпиада жеңімпаздарын шығарады, ал ең аз шығаратыны – орыс және ағылшын тілінде оқытатын мектептер.

Дегенмен қай мектеп оқушыларының олимпиадаларға көбірек қатысатыны туралы мәселенің егжей-тегжейі қызық және бұл мәліметтер депутаттың назарды нақты мәселелерден қалай ауыстыратынын көрсетеді.

Толығырақ…

Біз математика (IMO), география IGeO, экономика IEO, информатика IOI, химия IChO, биология IBo, лингвистика IOL, физика IpHO бойынша халықаралық олимпиадаларға және математика, физика, химия және информатика бойынша Туймаада (Якутия), жоғары класс оқушыларына арналған балқан математика олимпиадасы (BMO) және жасөспірімдер арасындағы EGMO қыздарға арналған математика олимпиадасы бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылардың тізімін зерттедік. Сайтта барлық қазақстандық қатысушы тізімі болмағандықтан, «Жібек жолы» халықаралық математика олимпиадасы жеңімпаздары құрамымен бөлек таныстық.

Мәлімет мынадай:

Халықаралық олимпиадаға қатысушылардың 90%-і қазақ мектебінен бе?

Негізгі қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қатысушылар үлесі – 33% («Білім- инновация» және т.б.), үштілді мектептер қатысушылары (мысалы, жоғары класта оқу қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілетін НЗМ) – 37,5 %, «қазақ» және «орыс» кластары бар мектептер (РФММ және т.б.) – 19,3%, орыстілді мектептер – 4,5% (мысалы, №165 мамандандырылған лицей, Алматы), ағылшын тілінде сабақ беретін мектептер (Haileybury және т.б.) – 5,7%.

Жібек жолы математика олимпиадасының қазақстандық жеңімпаздарына келер болсақ, 46 оқушының ішінде қазақ мектептерінде оқитыны – 16. Оның 15-і Білім-Инновация желісіндегі лицей оқушылары (мұнда тек байқау негізінде түсуге болады және негізгі қазақ тілі екенін қарамастан, кейбір қалада кейбір пән ағылшын тілінде жүргізіледі) және Павлодар қаласынан дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиядан 1 адам. Қалған балалар үш тілде оқытатын мектептердің (11 адам), «қазақ» және «орыс» кластары бар мектептердің – 13, орыс тілді білім беру мекемелерінің – 1 оқушысы.

Қазақстандық мектеп оқушыларының басым көпшілігінде олимпиада жеңімпаздары атақты жекеменшік мектептердің немесе дарынды балаларға арналған мамандандырылған оқу орындарының оқушылары екенін баса айтып өту керек. Ондай мектептерге тек емтиханнан кейін немесе байқау арқылы түсуге және ақылы оқуға болады (мысалы, Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің білім беру мекемелері).

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің «олимпиадашылары» туралы айтар болсақ, бұл көбіне қазақ тілінде оқытатын қарапайым мектептердің емес, «Білім-инновация» лицейлерінің балалары. Нақтылай кетейік, олимпиадаға қатысушылардың 19,3%-і – орысша және қазақша оқытатын кластары бар мектептер. Әрине, мысалы, РФММ мен қарапайым қазақша оқытатын немесе орысша оқытатын мектептегі білім сапасын салыстырудың мәні жоқ.

Қарапайым тілмен айтсақ: халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны бізге қарапайым қазақ мектебіндегі оқыту сапасы туралы ешқандай мәлімет бермейді, оқушылар бұл олимпиадаларға іс жүзінде қатыса алмайды. Ал Қазақстандағы тегін оқытатын мектептегі білім сапасы туралы сұрақтар көп.

Мәлімдеме: Біз Конституциядан орыс тілі мемлекеттік тілмен бір деңгейде қолданылады деп қазір көпшілік даулап жүрген тұжырымды алып тастауды ұсындық. «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын ұсындық. Бүгінде оған 36 депутат, яғни 30%-тен астамы қол қойды.

Қазыбек Иса

Үкім: Үкім жоқ

Мәжілісменнің бұл сөзі БАҚ-та үлкен шу тудырды, өйткені 36 депутат Конституциядағы орыс тілінің мәртебесіне келіспейтіндей, бұл мәртебені өзгерткісі келетін сияқты боп шықты. Бірақ депутат басқа нәрсені айтқысы келген екен, онысын кейін түсіндірді:

«Бұл сөздер контекстен алынғанын хабарлаймын. Өткен сәрсенбідегі депутаттық сауалымда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі Конституцияда бекітілгенін, бірақ бұл мәртебені жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тиісті заң әлі де жоқ екенін көрсеткен өтінішімді айттым… Конституцияда көзделген қазақ тілі мәртебесін іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылдауға тағы да шақырдым. Бұл ұсынысты кейбір басқа депутаттар да қолдады».

KazTAG агенттігі хабарлауынша, Қазыбек Иса мен «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің айтыуынша, 36 депутат мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдау туралы өтінішті қолдады (шамасы, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуді қандай да бір түрде белгілейтін болса керек — ред.).

Дегенмен Қазыбек Исаның өтінішін нақты қанша депутат және қандай формада қолдағанын дәл қазір тексеру мүмкін емес.

Орыс тілінің мәртебесін өзгертуге келсек, Қазыбек Иса бұл туралы елорда мектептерінің бірінде (Мәжіліс қабырғасында емес – ред.) оқушылардың ата-анасымен өткен кездесуде айтқанын түсіндірді. Кездесуде депутат осы мәселе бойынша зиялы қауым, бизнес және саясат өкілдері орыс тілі ресми қолданылатыны туралы тұжырымдаманы Конституциядан алып тастауды талап еткен «138-хат» деп аталатын хатты атай отырып сөз сөйлеген. Айтпақшы, сол кезде хат та біраз шу тудырған еді. Ал оның мәтінін қазір интернеттен табу қиын.

Анықтама үшін: 2012 жылы «Ақ жол» фракциясы Мәжіліске «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» заң жобасын енгізуді көздеді, бірақ кейіннен бұл заң шығару бастамасын парламентке «енгізуге» Қазақстан Республикасы Үкіметі теріс қорытынды жасап, тоқтатылды.

Қорытынды

  • Қазіргі уақытта халықаралық олимпиадаларға қатысушылардың 33%-і ғана – қазақ мектебінің оқушылары. Оның үстіне, олардың басым көпшілігі байқау негізінде түсуге болатын  «Білім-инновация» желісіндегі лицейлерде оқиды. Олимпиада қатысушыларының сәл көп проценті үш тілде оқытатын мектептерде (37,5%) білім алады.
  • 36 депутат орыс тілінің конституциялық мәртебесін (ресми тіл ретінде және мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны ретінде) өзгертуді қолдап отыр деген шулы сөз контекстен қиып алынған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz