WhatsApp жаңа ережесіне бағынбаған қолданушыларға шектеу қояды

WhatsApp әкімшілігі құпия ақпарат жайлы ережесімен келіспеген қолданушылардың қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігін біртіндеп өшіреді. Бұл туралы Buisiness Insider компания өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Компания өкілінің айтуынша, бірнеше аптадан кейін пайдаланушылар жаңа саясатпен келіспесе, топтарға кіруге шектеу қойылады. Оларға біреу хабарласып немесе хат жазбаса байланысқа шыға алмайды.

Бірнеше аптадан кейін пайдаланушылар қоңырау немесе хабарламаларды мүлде қабылдай алмайды, ал жаңа шектеулерді енгізу уақыты жеке-жеке өзгеріп отырады.

Сонымен қатар, компания өкілі WhatsApp жаңа құпия ақпарат жайлы келіспеген пайдаланушының есептік жазбасын өшірмейтінін растады.

Контекст

  • Бұған дейін WhatsApp қолданушылары қызмет көрсету шарттары мен құпия ақпарат жайлы саясатына енгізілген өзгерістер туралы хабарлама ала бастады. Бұл ережеге сай қолданушылар WhatsApp-тағы деректерін Facebook-пен бөлісуге міндеттелген. Алдымен ережелер 8 ақпанда күшіне енуі керек еді, бірақ сынға байланысты 15 мамырға ауыстырылды.
  • Ақпан айында WhatsApp әкімшілігі құпия ақпарат жайлы саясатын қабылдаудан бас тартқан қолданушыларға «біртіндеп сендіру» стратегиясын қолдана бастаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz