WhatsApp Үндістандағы сайлау алдында фактчекингтік қосымша жасап шығарды

Халықаралық фактчекинг күніне орай WhatsApp Үндістандағы ақпараттардың рас-өтірігін тексеретін қосымшаны қолданысқа енгізді. Бұл компанияның осы айда елде басталатын ұлттық сайлау кезінде жалған жаңалықтармен күресу үшін жасаған амалы, деп хабарлады Reuters.

200 миллион үндістандық қолданушысы бар WhatsApp мессенджерді дезинформация таратушыға айналдырғысы келетіндермен күресуде. Бұл жалпыға ортақ тенденция: бұл мәселемен барлық әлеуметтік желілер күресуде, әсіресе, сайлау сияқты маңызды оқиғалардың алдында.

WhatsApp қолданушылар жіберген ақпараттарды шынайы, жалған, шатастыратын немесе даулы деп бөлу үшін Proto технологиясын пайдаланбақ. Дезинформацияны нақты анықтау үшін контенттің ақпараттар базасын жасау жоспарда бар.

Үндістандағы сайлаудың алғашқы бөлігі 11 сәуір күні басталады. Үндістандық үлкен саяси партиялар бір-бірін айыптап, WhatsApp-та жалған ақпарат таратуды жалғастыруда. Ақпан айында WhatsApp-тың жоғарғы басшысы екі жақ бағдарламаны айлаларына пайдалануға тырысатынын мәлімдеген.

Facebook Inc, компания-иегері WhatsApp, жақында Үндістан мен Пәкістандағы  712 тіркелуші мен 390 парақшаны жойғанын хабарлады. Олардың көпшілігінің Үндістан Конгрессінің оппозициялық партиясымен, ал кейбіреулері Пәкістанның қарулы күштерімен байланысты екені анықталды.

Мұндай мәселе былтыр Бразилиядағы сайлау кезінде де болды. Кейбір саясаткерлер танымал мессенджерде бірін-бірі жалған ақпарат таратты деп айыптаған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz