WhatsApp фейкпен күресуге арналған функцияны іске қосты

WhatsApp мессенджері қолданушыларына фейк ақпаратты анықтауға көмектесетін жаңа функцияны таныстырды. Қазіргі уақытта бұл қызмет тек бірнеше елде ғана қолжетімді. Жаңа функция туралы ақпарат мессенджердің ресми блогында жарияланды.

Ендігіде мессенджерде бірнеше рет таратылған хабарлама қос стрелкамен белгіленеді. Бұл келген хабарламаны адресант өзі жазбағанын көрсетеді.

Бұдан бөлек, келген ақпаратты бағдарламадан шықпай-ақ Google іздеу жүйесінің көмегімен тексеруге болады.

Бұл туралы WhatsApp блогында былай деген:

“Қазір біз хабарламаны жай ғана әйнекке бірнеше рет басу арқылы тексеруге болатын қарапайым әдісті сынап жатырмыз. Әсіресе, бірнеше рет таратылған ақпаратты осы әдіс арқылы жаңалықтардан немесе басқа да ақпарат көздерінен табуға болады.”

WhatsApp фейкпен күресуге арналған функцияны іске қосты
© WhatsApp суреті

Компания өкілдері бұл функция хатты браузердің көмегімен жүктеу арқылы жұмыс істейтінін және бұл уақытта бағдарлама қолданушылардың хат-хабарламаларына қол жеткізе алмайтынын да айтты.

Қызмет 3 тамыздан бастап Бразилия, Ұлыбритания, Италия. Испания, Ирландия, Мексика мен АҚШ халқы үшін қолжетімді. Бағдарламаны әдеттегідей Android, iOS және WhatsApp Web қолданушылары еркін пайдалана алады.

Контекст

  • Үстіміздегі жылдың мамырында Халықаралық фактчекерлер желісі чат-ботты іске қосқан. Боттың базасында 4000-нан астам факчек бар.
  • Боттан біздің де сайтты және материалдарымызды табуға болады.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz