Ұлыбритания коронавирусқа байланысты барлық шектеуден бас тартты ма?

Өткен аптада бірнеше медиада Ұлыбританияда коронавирус пандемиясына қатысты шектеулер алынып, енді Ұлыбританияда “коронавирус тұмау деп есептеледі” деп хабарланды. Бұған қоса, Премьер-министр Борис Джонсон В жоспарынан бас тартып, 2022 жылдың наурыз айында күшін жоятын барлық ковид шектеулерін жеңілдетуді жоспарлағаны айтылады. Оқырмандардың сұрауы бойынша ақпаратта ненің сенімді, ненің сенімсіз екенін және Англия қандай негізде шектеулерден бас тартуға шешім қабылдағанын тексердік.

Ұлыбритания барлық ковид шектеулерінен бастартты. «Коронавирусты тұмау секілді емдейтін болады»: премьер-министр В жоспары мен 2022 жылдың наурыз айында жойылатын барлық ковид шектеулерін алып тастамақшы. Келесі бейсенбіден бастап бетперде тағу міндеттелмейді. Онлайн жұмыс бітеді. Міндетті covid сертификаты 27 қаңтарда күшін жояды. Ал 24 наурызда оқшаулану кезеңі тоқтатылады.

БАҚ-та таратылған ақпарат

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлыбританияда барлық шектеулер жойылды деуге ерте. Дегенмен Ұлыбритания үкіметі расымен Англиядағы В жоспарының шаралары (яғни Ұлыбритания емес) жойылатынын және Англия А жоспарына қайта оралатынын хабарлады.

Былтыр вирустың “омикрон” түрімен ауырған науқастар саны көбейгендіктен, В жоспары деп аталатын шектеулер енгізілген.

Көбі британдық Премьер Борис Джонсон танымалдылығын жоғалта бастағандықтан, «шектеулерден бас тарту туралы шешімге келді» дейді. «Джонсон популизмі» түсінікті, алайда біз саясаттанушы болмағандықтан, бұған араласпаймыз. Объективті жағына тоқталайық.

Ұлыбритания билігі “омикрон” толқыны аяқталды деп санайды. Ал Ұлыбритания вакцина және күшейткіш дозаларды егуден Еуропада алдыңғы қатарда тұрғандықтан, шектеулерден бастартуға мүмкіндігі бар. Төмендегі кестені қарап көріңіз:

Ұлыбритания коронавирусқа байланысты барлық шектеуден бас тартты ма?
Ұлыбритания коронавирусқа байланысты барлық шектеуден бас тартты ма?
Ұлыбритания азаматтарының 50%-дан астамы вакцинаның күшейткіш дозасын алды
Ұлыбритания коронавирусқа байланысты барлық шектеуден бас тартты ма?
2022 жылғы 27 қаңтарда бойынша қайтыс болған адам саны

Біраз шектеудің мерзімі 27 қаңтарда аяқталды. Ал Англия (Ұлыбритания халқының 80%-і осында) А жоспарына оралады, ал Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландиядағы жағдайға байланысты шешімді жергілікті үкімет қабылдайды. Оқшаулану заңы 24 наурызға дейін күшінде. Джонсон жағдайға байланысты заң талабы өзгеру мүмкін екенін айтты.

А жоспарында не айтылған

Үкімет ұсынысы:

• Вакцина салу және күшейту дозасын егу.
• Адам көп жиналатын және жабық орындарда маска тағу (міндетті емес).
• Ғимаратта кездескенде, бөлмені желдетіп отыру. Алайда сыртта кездесу ұсынылады.
• Қажет болса, тест тапсырып, оқшаулану.

Не өзгерді?

Үкімет Англияда Б жоспарына сәйкес енгізілген шаралар жойылады деп мәлімдеді. Бұл дегеніміз:

  • 19 қаңтардан бастап: Онлайн жұмыс істеу енді міндетті емес. Қызметкерлер жұмыс берушілерімен осыған байланысты ақылдасу керек.
  • 20 қаңтардан бастап: қызметкерлер және орта мектеп пен колледж оқушыларына бетперде тағу енді міндеттелмейді.
  • 27 қаңтардан бастап: орта мектеп қызметкерлері мен оқушыларына, сондай-ақ бастауыш мектеп қызметкерлеріне бетперде тағу міндетті емес.
  • 27 қаңтардан бастап: Бетперде тағу заңы күшін жояды. Бірақ үкімет адамдар көп жиналатын және жабық жерлерде маска тағуды ұсынады.
  • 27 қаңтардан бастап: заң бойынша іс-шаралар өтетін жерде NHS COVID Pass-ті көрсету міндеттелмейді.
  • 11 ақпаннан бастап: егер вакцина паспортыңыз болса, Ұлыбританияға келгенге дейін де, келгеннен кейін де COVID-19 тестін тапсырудың қажеті жоқ.

Қандай шектеулер өзгермеді?

  • COVID-19 белгілері бар немесе тест нәтижесі оң болған адам дереу оқшаулануы керек. Егер сізде COVID-19 белгілері болып, вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алсаңыз да, мүмкіндігінше ПТР тестін тапсыруыңыз қажет.
  • COVID-19 науқастарына оқшаулану – міндетті. 17 қаңтардан бастап оқшаулану мерзімі бесінші және алтыншы күннің тест нәтижесі теріс болған жағдайда жеті күннен бес күнге қысқарды.
  • Барлық кәсіпорындар қауіпсіз жұмыс нұсқаулығында көрсетілген қағидаларды ұстануға міндетті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz