Украина полициясы қазақстандықтардың жеке дерегін таратқан сайтты жапты

Украина полициясы Украина, Қазақстан, Молдова, Беларусь және басқа да посткеңестік елдегі азаматтардың жеке дерегін заңсыз таратқан веб-ресурстың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы жергілікті киберполиция департаментінің сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, веб-ресурстартың жұмысы тоқтатылды. Мұнда 200 миллионға жуық адамның жеке дерегі заңсыз тарап кеткен.

Сайтта азаматтардың телефон нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты және тіркелген жері туралы мәліметтер болған.

Аталған факт бойынша Украина Қылмыстық кодексінің 182-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz