Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

2020 жылы қазақстанның салық төлеушілері үкіметтің ұшып-қонуына біраз ақша үнемдеді. ҚР премьер-министрінің кеңсесі кейінгі жарты жылда 136,9 млн теңге болатын 11 маршрутты төлеген. Бұл ақпанның басы мен шілденің соңындағы дерек. 2019 жылдың осы кезеңінде Қазақстан үкіметі мүшелері 261,7 млн теңгеге 20 бағытқа ұшқан. Айырмашылық – 124 млн теңгеден асады.

ҚР премьер-министрінің кеңсесі 2019 жылы да, 2020 жылы да «Жолаушыларды кестесіз тасымалдау бойынша әуе көлігінің қызметтеріне» жарты миллиард теңгеден бөлген. Әңгіме ішкі және халықаралық рейстер туралы болып отыр.

Мынау goszakup.gov.kz сайтындағы 2019 жылға жоспарланған деректер:

Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

Ал мынау «ерекше маңызы бар» ұшып-қонуларды жүзеге асыратын мемлекеттік «Бүркіт» әуекомпаниясының 2019 жылға арналған тарифтері. Компания осы лот бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде үнемі жеңіске жетеді. Себебі елде мұндай сипаттамаларға сай келетін басқа компания жоқ.

Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

Үкімет мүшелері пандемияға дейін қайда ұшты және оған қазақстандық салық төлеушілердің қанша қаражаты кеткенін төменнен қарасаңыз болады.

Мына жерде 2019 жылғы халықаралық ұшулар құны:

  • 21 ақпан, «Астана – Мәскеу (Внуково) – Астана» бағыты, құны – 18,2 млн теңге;
  • 29 наурыз, «Астана — Мәскеу (Внуково) — Астана» бағыты — 18,6 млн теңге;
  • 28 сәуір, «Нұр-Сұлтан — Ереван — Нұр-Сұлтан» бағыты — 17,3 млн теңге;
  • 6 маусым, «Нұр-Сұлтан — Санкт-Петербург — Нұр-Сұлтан» бағыты — 20 млн теңге;
  • 20 маусым, «Нұр-Сұлтан — Минск — Нұр-Сұлтан» бағыты — 21,1 млн теңге;
  • 7 және 9 тамыз, «Нұр-Сұлтан — Ыстықкөл — Ыстықкөл — Алматы», «Алматы — Ыстықкөл — Алматы — Нұр-Сұлтан» бағыттары — 13,9 млн теңге;
  • 25 және 26 тамыз, «Нұр-Сұлтан — Мәскеу (Внуково) — Нұр-Сұлтан» бағыты — 17,4 млн теңге;
  • 13 қыркүйек, «Нұр-Сұлтан — Ереван — Нұр-Сұлтан» бағыты — 16,1 млн теңге;
  • 29 қыркүйек, «Нұр-Сұлтан — Ереван — Нұр-Сұлтан» бағыты — 17,8 млн теңге;
  • 18 және 19 қазан, «Нұр-Сұлтан — Қазан — Нұр-Сұлтан» бағыты — 12,1 млн теңге;
  • 7 қараша, «Омск — Нұр-Сұлтан» бағыты — 5,1 млн теңге;
  • 17 және 18 қараша, «Нұр-Сұлтан — Мәскеу (Внуково) — Нұр-Сұлтан» — 17,4 млн теңге;
  • 20 қараша, «Нұр-Сұлтан — Санкт-Петербург — Нұр-Сұлтан» — 18,5 млн теңге;
  • 27 қараша, «Нұр-Сұлтан — Бішкек — Нұр-Сұлтан» бағыты — 8,5 млн теңге;
  • 13 желтоқсан, «Нұр-Сұлтан — Набережные Челны — Нұр-Сұлтан» — 11 млн теңге.
    Жалпы сомма 233 млн теңгеден асады.

«Бүркіт» әуекомпаниясы ұшу тапсырмаларын орындағаны туралы есепті адал тапсырып отырған. Ол мемлекеттік сатып алу порталындағы электронды актілерде көрсетілген. Құжат түрінде қандай екенін көрсетейік:

Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

2019 жылы үкіметтің ішкі рейстері халықаралық рейстерден де қымбат болды, 305 млн теңгеден асқан.

Ең қымбат үкіметтік ұшып-қону (президенттікпен шатастырмаңыз) 2019 жылы 22,5 млн теңгені құрады. Бағыты мынадай болды: «Нұр-Сұлтан – Талдықорған – Жезқазған – Қарағанды – Петропавл – Семей – Өскемен – Нұр-Сұлтан».

4,7 млн теңгені құрап, шығыны ең аз болған үкіметтік ұшып-қону 2019 жылы «Астана – Петропавл – Астана»  бағытында болған.

Ішкі рейстердің есебін ұсынудың бір үлгісі:

Көрнекілік үшін 2019 жылғы бір күндік маршруттардың бағасын көрсете кетейік (бір бағытқа ғана бару және келу):

  •  «Нұр-Сұлтан — Семей — Нұр-Сұлтан» — 6,2 млн теңге (14 желтоқсан);
  • «Алматы — Талдықорған — Алматы» — 8,6 млн теңге (15 қараша);
  • «Нұр-Сұлтан — Тараз — Нұр-Сұлтан» — 8,3 млн теңге (13 қараша);
  • «Нұр-Сұлтан — Шымкент — Нұр-Сұлтан» — 8,7 млн теңге (30 қазан);
  • «Нұр-Сұлтан — Алматы — Нұр-Сұлтан» — 7,8 млн теңге (3 қыркүйек);
  • «Нұр-Сұлтан — Орал — Нұр-Сұлтан» — 11,2 млн теңге (25 наурыз).

2020 жылы да үкіметтік ұшып-қонуға жарты миллиард теңге бөлінген, бірақ былтырмен салыстырғанда айтарлықтай аз ұшқан. Дегенмен бұл жолы «Беркут» биылға арналған тарифтерді көпшілік назарына ұсынбады.

Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

28 маусымдағы мәлімет бойынша ұшу тапсырмаларын орындау туралы бар болғаны 11 есеп жарияланған. Өткен жарты жылда үкімет борттары қайда ұшқанын және қазақстандық салық төлеушілердің қанша қаражатын жұмсағанын көрсетеміз:

  •  «Алматы — Нұр-Сұлтан — Алматы » — 7,9 млн теңге (8-10 ақпан);
  • «Нұр-Сұлтан — Мәскеу (Внуково) — Нұр-Сұлтан» — 16,8 млн теңге (13-18 ақпан);
  • «Нұр-Сұлтан — Мәскеу (Внуково) — Нұр-Сұлтан» — 18 млн теңге (20-21 ақпан);
  • «Нұр-Сұлтан — Ақтау — Атырау — Ақтөбе — Орал — Қызылорда — Нұр-Сұлтан» — 21,4 млн теңге (13,14,15 наурыз);
  • «Нұр-Сұлтан — Ақтөбе — Атырау — Нұр-Сұлтан» — 12,7 млн теңге (27 -28 сәуір);
  • «Нұр-Сұлтан — Шымкент — Нұр-Сұлтан» — 8,1 млн теңге (6 мамыр);
  • «Нұр-Сұлтан — Атырау — Нұр-Сұлтан» — 11,1 млн теңге (14 мамыр);
  • «Нұр-Сұлтан — Шымкент — Нұр-Сұлтан» — 8,1 млн теңге (18 мамыр);
  • «Нұр-Сұлтан — Қарағанды — Жезқазған — Нұр-Сұлтан» — 5,6 млн теңге (21 мамыр);
  • «Нұр-Сұлтан — Атырау — Нұр-Сұлтан» — 10,6 млн теңге (10 шілде);
  • «Нұр-Сұлтан — Қызылорда — Ақтау — Атырау — Нұр-Сұлтан» — 16,1 млн тенге (24-25 шілде).

Ішкі рейстердің есебін ұсынудың тағы бір үлгісі:

Үкіметтің ұшып-қонуы қанша тұрады?

Соңында 136,9 млн теңге шығып тұр. Бұл 2019 жылдың 7 айымен салыстырғанда екі есеге аз. Бюджет 124 млн теңгесі үнемделген.

Айта кетсек, үкіметтің ұшып-қону шығындары ҚР Президентінің Іс басқармасының шығындарымен салыстырғанда азырақ.

«Бүркіт» әуекомпаниясының 2019 жылғы қызмет көрсету көлемі 10 млрд теңге шамасында. «Аса маңызды ұшып-қону» 1862 сағатты құраған. «Бүркіттің» қаржылық есептерінде кім және қандай қажеттілікпен салық төлеушінің есебінен ұшқаны туралы мәлімет бермейді. Сондықтан қоғам VIP-ұшып-қону шығындары тиімді жұмсалып жатқанын бақылай алмайды.

Factcheck.kz