Twitter коронавирус вакцинасы жайлы фейк ақпараттарды белгілей бастады

Twitter жалған ақпаратпен күресу үшін жаңа әдісін жариялады. Енді Twitter әкімшілігі вакцинация туралы жалған публикацияларды арнайы белгілейтін болады. Сонымен қатар, фейк ақпарат таратқандар үшін жазалау жүйесі бар. Бұл туралы компанияның блогында хабарланды.

«Бүгіннен бастап COVID-19 вакцинасы жайлы фейк немесе арандатушы ақпараттарды белгілеп, платформадағы ең қауіпті саналатын посттарды жою туралы шешім қабылданды», – деп Twitter әкімшілігі хабарлады.

Әзірге платформа ағылшын тіліндегі фейктерді белгілеуді бастады. Жақын арада өзге тілде фейк жазбаларды тексере бастайды. Сонымен бірге, жалған ақпаратты әдейі жариялағандарға шара қолданылады. Бұған қоса екінші және үшінші рет ескертпе жасалса аккаунт 12 сағатқа бұғатталады. Ал төртінші рет ескертпе алса, бір аптаға, ал бесінші реттен кейін аккаунтты мәңгіге бұғаттайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz