“Талибан” қырғыз-тәжік жанжалын бейбіт түрде шешуге шақырды ма?

Ескерту: Бұл материалды жазу барысында қолданылған сілтемелер мен деректер ақпараттың растығын анықтау үшін берілген, қандай да бір ұйымды не оның позициясын қолдамаймыз. Factcheck.kz зорлық-зомбылықтың, терроризмнің кез-келген түріне қарсы және оларды насихаттамайды!

Сәуірдің аяғында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қақтығыстан соң әлі де алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр. Солардың бірі – “Талибан” қозғалысы жағдайды бейбіт түрде шешуге шақырғаны туралы ақпарат. Бұл ақпаратты бізге дейін әріптестеріміз factcheck.kg тексерген болатын. Серіктестеріміздің дайындаған материалы негізінде тексерілген деректерді ұсынамыз.

“Талибан” қозғалысы Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырып жатыр.

www.asiaplustj.info

Үкім: Шындық

Ауған Ислам Әмірлігінің ресми сайтында (“Талибан” қозғалысы өздерін осылай атайды) Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы жағдайды диалог арқылы бейбіт жолмен шешуге шақырған. Сонымен қатар, Талибанның ресми өкілі Забихулла Мужахид те өзінің Twitter парақшасында осы жағдай туралы жазған.

Контекст

  • 28 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекаралық ауылда қақтығыс басталды.
  • 2 күнге созылған қақтығыс салдарынан 55 адамның қаза тауып (19 тәжік және 36 қырғыз азаматтары), жүздеген тұрғын жапа шекті.
  • Қақтығыс аймағынан шамамен 15 мың адам эвакуацияланды.
  • Екі ел әлі күнге дейін жанжалды қарсы тарап бастады дейді.
  • Журналистердің мәліметтері бойынша екі ел арасындағы жағдай әлі де нақты шешілмеген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz