Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Спутник карталары мен түсірілімдер журналистік тергеу жанрында төңкеріс жасады. 15 жыл бұрын әлдекімнің фотосы я видеосына көзсіз сенуге мәжбүр болатынбыз. Ал қазір ақылыларын айтпағанның өзінде Google я “Яндекстің” тегін ресурстарын пайдаланып-ақ біраз ақпаратты тексеріп, қажет болса жаңа деректерге қол жеткізуге болады. Осы материалда біз Google және “Яндекс»” карталарымен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіріп, сипаттап, қытайлық Baidu ресурсымен жұмыс істейміз.

Геолокация негіздері

Детальдарға сақ болыңыз

Маңызды емес деталь болмайтынын ұмытпаңыз. Объектіні табуға суреттегі я видеодағы ең елеусіз деген детальдің өзі септесуі мүмкін. Мәселен, мына суретке қарап, негізгі деген детальдарды тауып көрейік.

Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Негізгі заттардан (Лондон екенін айқындайтын екі қабатты автобустан, қызыл телефон буткасынан, автобустағы логотиптен, сол жаққа бағытталған қозғалыстан) бөлек, суреттің қайда түсірілгенін көрсететін бірнеше деталь бар. Біз оларды “кілт” деп атайық.

Визуалды кілттер

  • Greggs (асxаналар желісі) атауы
  • Жол вилкасы
  • Үш терезінің екеуі баннар төбесінде тұрған қызыл кірпішті ғимарат
  • Greggs-тан шыға беріс жердегі сол жақтағы көтерілетін жер
Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?
Фото @ulkinaa https://www.instagram.com/ulkinaaa/

Қарапайым мысал болғанымен, ғимараттың мекен-жайы Google-суреттер іздеу жүйесінде London Greggs деп оңай тауып алуға болады.

Скриншоттағы суреттен көріп тұрғандарыңыздай, бұл тап сол – қызыл кірпішті, жабық тұрған есік астындағы тік бұрышты көтерілетін жері бар, үш терезесінің екеуі баннер үстінде тұрған ғимарат орналасқан жер. Әрмен қарай Google Maps және Google Street View ресурстарына барып көрсетілген мекен-жайды жазсақ, қызыл телефон буткасы мен іргелес тұрған өзге ғимараттарды көреміз.

Ал осы нүктеге спутниктен қарап, суреттегі жол вилкасының тап осы жерде тұрғанын көреміз де, фотографтың қайда тұрғаны мен түсірген уақытын анықтаймыз.

Google картасының көмегімен объектіні табу

Тапсырманы аздап қиындатайық. Визуалды кілті аз, сапасы нашар суретті зерттейік. Мәселен, мынаны.

Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Кілттер:

  • Ресей туы мен бізге әзірге белгісіз ел туының түсіндегі баннерге «Ресеймен бірлікте!» ұраны жазылған.
  • Кино авишасына ұқсайтын плакаттар.
  • Конструктивизм стиліндегі ғимарат пен ілінген баннерлер. Онда не жазылғаны анық емес – фото не кинопленкаға ұқсайды.
  • Кілт болуы да мүмкін ағаш.

Алдымен ұран жазылған баннердің қай ел туының түсімен боялғанын анықтайық. Бұл ту Молдавия территориясындағы мойындалмаған Приднестровск Молдав Республикасына тиісілі екені анықталды. Жазылған ұранды гуглға жазып, ПМР-ның “Орыс әлемі” қоры 2016 жылы ұйымдастырған “Ресеймен бірлікте” форумына қатысқанын, ұранның өзін приднесторвск саясаткерлері сөз арасында жиі айтатынын анықтадық. Ғимарат әжептеуір үлкен – масштабына қарағанда, ірі қаладағы кинотеатрға ұқсайды. ПМР-де ірі үш қала ғана бар – Тирасполь, Бандеры және Винница. Гуглдың көмегімен ПМР-де онсыз да үш кинотеатр бар екенін және олардың бәрі жоғарыда жазылған ірі қалаларда орналасқанын көреміз. Картаға кіріп, суреттерді тауып аламыз да, қолданушылардың Тирасполь қаласындағы “Тирасполь” кинотеатрының алдында түскен суреттерін табамыз.

“Яндекс” ресурсының ерекшеліктері мен сурет арқылы кері іздеу

Google мен “Яндекс” қолданушылар арасындағы тартыс зерттеуіңізге әсте кедергі болмауы керек. “Яндекс”, мойындау керек, кейбір нәрселерді жақсырақ істейді. Мәселен, суретті іздеу жүйесі қолайлы. “Яндекс” алгортимі суретті жүктегенде оны жылдам тауып, локациясын анықтап береді. Сондықтан өзіңіз үйренген іздеу жүйелері көмектеспей жатса, өзгелерінен байқап көруге болады. Ең ыңғайлы плагиндердің бірі – RevEyе, оны Chrome немесе Firefox браузерлерінде (айтпақшы, осы екеуін ғана пайдалуға кеңес береміз) оңай жүктеп алуға болады. Бұл плагин суретті барлық кері іздеу жүйелеріне салып, тауып береді.

“Яндексте” сондай-ақ әзірге Google-да жоқ және бір функция бар. Мәселен, “Яндекс.Карты” орыстілді қолданушылармен әлдеқайда белсенді жұмыс істейді, картадағы суреттерді де жиі жаңартады. Сондықтан сізге ТМД бойынша ақпарат қажет болса, нақты әрі толымды ақпаратты осы “Яндекстен” таба аласыз.

Мұнан бөлек, 2014 жылдан бастап “Яндекс” карталары ғимараттың биіктігі туралы ақпаратты да береді. Бұл геолокация іздегенде өте пайдалы болуы мүмкін.

Қытай карталарымен жұмыс істейік

“Мені Google-да бұғаттап тастады”

“Гуглда бұғаттап тастады” деген сөз Қытайда тосын, күлкілі тіркес емес. Қытайдағы мемлекеттік бақылау желі еркіндігін шектейді, тіпті кейде Google-дың кейбір сервистерін де қолжетімсіз етеді. Сондықтан жоғарыда сипаттағанымыздай геолокациямен мекенді анықтай алмауыңыз ықтимал. Бірақ мұндай тексеріс жасау аса қажет болғанда қайтпек керек?

Мәселен, 2018 жылы мессенджерлерде “Қазақстан мен Қытай визасыз режимге көшті” деген (кейін жалған екені анықталған) ақпарат тарады. Кезекте тұрған Қытай азаматтары бар видеоға қосымша “мыналардың бәрі Қазақстанға кірмекке тұр” делінеді.

Қытай, Беларусь арасында визасыз режим енгізу туралы жаңалық әлеуметтік желіде синофобиялық риториканың күшеюіне әкеліп соқты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жедел түрде реакция танытып, “визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүріп жатқан жоқ” деп xабарлады.

Не дегенмен, видеоның қайдан шыққаны және кезекте тұрған адамдардың кімдер екені қызық. Видеоны көрейік.

Роликпен бірге тараған аудиода кезек “Қазақстанның Үрімшідегі консулдығының алдында” екені айтылады. Осы бір тұжырымды тексеріп көрейік.

Кілттер

  • Кадрда қытай тілінде жазылған бір мәтін ілінген. Аудармашылар көмегімен әлгі қытайша сөздердің мәні мынадай екенін ұқтық: Қазақстан консулдығы, құжаттама бөлігі. Құжат 16:00 мен 19:00 арасында қабылданады.
  • Кадрда көк пластик шатыр мен сым темірлі қабырға байқалады.

Baidu картасы

Екінші қадам. Локацияны Baidu карталары арқылы анықтаймыз (бұған дейін айтқанымыздай, Google Қытайда нашар істейді).Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Ол үшін консулдықтың мекен-жайын Google аудармашының көмегімен қытай тіліне тәржімалаймыз да, шыққан жердің атын Baidu-ға (乌鲁木齐昆明路216号) жазамыз.

Осы қосымшадағы карта арқылы Street View баламасын қосамыз да, кадрлардың шынында да консулдық алдында түсірілгеніне көз жеткіземіз. Мұны ағаштардың орналасуы мен ғимарат фасадының көрініп тұрған бөлігі және майысқан пластмасс шатыр арқылы байқауға болады.

Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Спутник суреттері мен картаны қалай пайдалануға болады?

Қазақстанның Үрімшідегі консулдығы екені рас болып шықты.

Пайдаланылған материалдың бірі – фото я видео – шын да, оған жазылған комментарий я айтылған ақпараттың жалған болуы – фэйктің ең жиі кездесетін түрі. Мұндай құбылысты былтыр Мьянмадағы жағдай кезінде байқап, талдау жасағанбыз.

Енді адамдар нөпірін қарастырайық. Үрімшіде Қазақстан визасын беретін жалғыз консулдық бар. Оның өзі күніне үш сағат қана жұмыс істейді. Қытай мен Қазақстанның сауда қатынасы мен виза бөлімшесінің санын ескерсек, ұзын-сонар кезек – таңқалатын дүние емес.

Журналистерге геолокацияның не керегі бар?

Мәселен, мынадай зерттеулер үшін. (Тым әсершіл болсаңыз, көрмей-ақ қойыңыз – видео арасында Сирияда “қолданылған xимиялық қарудан құрбан болғандар” көрсетіледі.)

Фото, видеомен жұмыс істеу қабілетін дамыту жолдары

Ақпарат жинау мен геолокация қабілеттерін үнемі шыңдап отырғыңыз келсе, біздің Facebook парақшамызға жазылыңыз. Онда біз жаттығу үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүктеп тұрамыз. Бұған қоса, мына сілтемеге өтіп, ашық тобымыздағы оқыту мен жұмыс процесіне араласа аласыз.

 

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz