Шындық | Жайықтың жайылмасы – бекіренің уылдырық шашуына жарамсыз

12 ақпанда Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов премьер-министрге Жайық өзенінің толықтай таязданып бара жатқанын айтып, сауал жолдады. Оның айтуынша, өзенді қалпына келтіруге бағытталған жаңа да, осы уақытқа дейін жасалған қолданыста бар бағдарламалар да тым ұзаққа созылып кеткен және олардан еш нәтиже шықпаған. Өзеннің жан-күйін Д.Тұрғанов былай деп сипаттайды:

«Жайық өзенінің жайылмасы толығымен дерлік тозып бітті, Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарының уылдырық шашуына қолайлы жер өз сапасын жоғалтты. Ғалымдардың айтуынша, кейінгі 15 жылда жайылмалы ормандардың деградациясынан уылдырық шашатын жерлердің ауданы 80%-ға, яғни 958 гектардан 197 гектарға дейін қысқарды. Салдарынан Жайық өзенінде де, Каспий теңізінде де бекіре тұқымдас балықтардың көбеюі күрт азайды»

Дүйсенбай Тұрғанов

Жасалған мәлімдемені және контекстті талдап көрелік.

Үкім: Шындық

Кейінгі 13 жылда Жайық өзеніндегі уылдырық шашатын жерлердің 82%-ы жоқ болып кетті, нақты санмен айтсақ, бұл – 761,3 га. Мұндай деректерді ресейлік профессор Екатерина Микодина мен қазақстандық Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (бұрынғы ҚазБШҒЗИ) зертхана меңгерушісі Гүлмира Шалғымбаева өздерінің былтырғы мақаласында келтірген.

«2016 жығы Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерінің жай-күйін тексерілді. Тексеріс барысында уылдырық шашуға қолайлы қиыршықтасты-малтатасты топырақты құмы бар 68 аймақтан тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орналасқан 6 жер қалғаны анықталған», деп түсіндіреді авторлар.

Научная-статья-про-Урал-142-145

Мәселе желісі

Фото Рауля Упорова. Vlast.kz

Кезінде Жайық өзенінде дүниежүзі бекіре тұқымдас балықтар қорының 33%-ы мекен еткен және ол жерде әлем нарығына қара уылдырықтың 40%-ы өндірілген. Бұл туралы Жайық өзені бойынша жасалған зерттеудің алдын ала нәтижелеріне сүйеніп арнайы баяндаманың авторлары айтады (2017).

Ал 90-шы жылдары ғалымдар өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың саны 40 есеге азайғанын айта бастаған. Алайда кейінгі жылдары көбіне басқа деректерді айту әдетке айналған, яғни: «Кейбір мәліметтерге сәйкес Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың саны 30 есеге азайды».

Өзеннің уылдырық шашатын жерлері алғаш 70-жылдары түгенделген. Ал ең бірінші (қазір «мүлдем ескірген») атласты Ресейдің әйгілі академигі Александр Чибилев жасаған. Ғалымдар дәл сол кезде ауданы 1,7 мың га болатын 68 уылдырық шашатын жерді анықтаған.

Екінші «санақ» 1986 жылы жүргізілді. Ол кезде ғалымдар уылдырық шашатын жерлердің ауданы 1,46 мың гектарға дейін азайғанын анықтады. Ал 2004 жылғы үшінші зерттеу уылдырық шашу алаңы 980 га-ға дейін қысқарғанын көрсетті.

2015-2017 жылдар аралығында ҚазБШҒЗИ мамандары уылдырық шашатын 68 алаңның қаншасы қалғанын анықтау мақсатында тағы бір зерттеу жүргізеді. «1,7 мың гектардың 197 гектары, яғни 5 уылдырық шашатын жер қалды», дейді ATPress.kz сайтына берген сұхбатында ғылыми-зерттеу институттың Атырау филиалының аға ғылыми қызметкері Елена Бокова.

Осылайша 70-ші жылдардан бастап Жайық өзенінің жайылмасындағы уылдырық шашу аумағы жалпы алғанда 8,5 есеге азайды.

Себептері

Бокованың айтуынша «бекіре тұқымдас балықтардың осындай апатты түрде азаюының басты факторы – су тапшылығы. Ондай жағдайда бекіре тұқымдас балықтар еркін көбейе алмайды».

Микодина мен Шалғымбаеваның уылдырық шашатын жерлердің сапасына «өзеннің жоғарғы және орта ағысының ұзақ уақыт және қатты реттелуі де» айтарлықтай әсер еткенін айтады. Бұл жерде әңгіме ірі су қоймалары (негізінен Ресейде орналасқан), күрделі құрылымдары бар 80 суторабы және 3100 бөгет туралы болып отыр. Зерттеушілердің пікірінше, дәл осындай түрлі бөгеттер өзеннің ағыс жылдамдығы мен деңгей режимін өзгерте отырып, уылдырық шашатын жерлердің шөгуіне, кеуіп кетуіне және төмендеуіне әкеледі.

Мұндай мәлімдемелер ресми деңгейде де айтылады. «Бізде су деңгейі кейінгі 5 жыл бойы төмендеп келеді. Бұл тасқын сулардың аздығына және Ресей жақтан келетін су деңгейінің төмендігіне байланысты», дейді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ибраев журналистерге берген сұхбатында.

2019 жылы Жайық өзенінде таязданудан рекорд орнады. Шенеуніктер себептер қатарында «ресейлік» фактордан басқа, өзеннің климаттық циклін де атады. «Ғалымдардың болжамынша судың төменгі деңгейдегі циклі 2023 жылға дейін жалғасады», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Галидулла Азидуллин.

Жалпы контекстті және өзеннің таяздануы адамдардың өміріне қалай әсер етіп жатқанын тереңірек түсіну үшін сіздерге Лұқпан Ахмедьяров пен Рауль Упоровтың фоторепортажын қайта ұсынамыз.

Маргарита Бочарова
Журналист-аналитик. Магистр социальных наук