Шындық | Қазақстандықтар табысының 50%-ын тамаққа жұмсайды

ҚР мәжілісінің кезекті пленарлық отырысында коммунистер партиясының депутаты Айқын Қоңыров ҚР премьер-министріне жолдаған сауалында тұрғындардың жалақысын арттыру мәселесін көтеріп, олардың табысының көп бөлігі азық-түлікке жұмсалатынын айтты. «Қазақстанда 50% азаматтың отбасылық бюджетінің жартысы тамаққа кетеді, бұл көрші Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда нашар көрініс. Ал дамыған елдерде тұрғындар азық-түлікке табысының 10-12%-ын ғана жұмсайды». Сонымен қатар, Қоңыров мырза былтыр азық-түлік бағасы 10%-ға қымбаттағанын айтты.

Мәлімдеме:  Қазақстанда 50% азаматтың отбасылық бюджетінің жартысы азық-түлікке кетеді, бұл көрші Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда нашар көрініс. Ал дамыған елдерде тұрғындар азық-түлікке табысының 10-12% -ын ғана жұмсайды.

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

Отандық статистика шетелдікімен салыстырғанда күрделі жағдайды көрсетіп тұр. РИА агенттігінің тапсырысымен жүргізілген зерттеу бойынша, жылына қазақстандық орташа есеппен табысының 47,6%-ын, АҚШ ауылшаруашылық министрлігінің дерегінше 44,9% (екеуі де 2019 жылғы мәлімет) жұмсайды. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінде 2019 жылдың 3 тоқсанында қазақстандық өз кірісінің 49,7%-ын тамаққа жаратты делінген.

Қазақстандық қанша азамат бюджетінің жартысын тамаққа жұмсайды деген сұраққа статистика комитеті былай деп жауап береді:

Шындық | Қазақстандықтар табысының 50%-ын тамаққа жұмсайды

Көріп отырғанымыздай, 50%-ға жуық үй қожалықтары бюджетінің 40%-дан 60%-ға дейінгі бөлігін азық-түлік өнімдеріне жұмсайды.

Ресейде жағдай қалай?

РИА мәліметі бойынша, 2019 жылы ресейлік орташа есеппен табысының 30,2%-ын, АҚШ ауылшаруашылық министрлігінің дерегінше 28%-ын  тағамға жаратқан. Ресей статистикасына жүгінейік. Бір қызығы, Росстаттың «Азық-түлікке кететін шығын үлесі және оны табысы әртүрлі тұрғындарға  бөлу» құжатында кірісі аз тұрғындар 2018 жылы орташа есеппен 47,7% табысын азық-түлікке жұмсаған (табысын жан басына шағу арқылы тұрғындардың 10 пайыздық тобына статистикалық зерттеу). Тұрғындардың 20 пайыздық тобымен зерттеу бойынша белгілі болғаны: 5 топтың ішіндегі ең кедейі, орташа есппен, 50,1%-ын жұмсайды.

Осылайша, кірісінің 50%-ын азық-түлікке жұмсайтын ресейліктердің үлес салмағы аз екенін байқадық, ал бізде 19,3% үй қожалықтары бюджетінің 60-70%-ын тамаққа шығындайды.

Жоғарыда аталған АҚШ-тың ауылшаруашылық министрлігі жүргізген зерттеуді оқып,дамыған елдердің тұрғындарының көпшілігі табысының 10-12%-ын, кейде одан да аз бөлігін азық-түлікке жұмсайтынын анықтадық.

Мәлімдеме: Былтыр азық-түлік бағасы 10%-ға қымбаттады

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы баға 9,6%-ға артты.

Шындық | Қазақстандықтар табысының 50%-ын тамаққа жұмсайды

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz