Сарапшылар Facebook Messenger қолданушыларына шабуыл жасалатынын ескертті

Кибершабуылды алдын алуға маманданған Group-IB компаниясы 84 елде Facebook Messenger қолданушыларына шабуыл жасалатынын ескертті. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

Шабуылшылар Facebook Messenger қосымшасының мүлдем тіркелмеген жаңа нұсқасын жүктеуге сілтеме жібереді. Олар жалған жарнама жасап, Messanger, Meseenger, Masssengar сөздерін қолданады. Сонымен қатар, қосымшаның ресми иконкасын көрсетеді.

Егер қолданушы сілтемені басса, фишинг (жеке деректерді алуға негізделген алаяқтардың сайты) сайтына кіреді.

Контекст

Былтыр Қазақстанда алаяқтардың фишинг сайттары анықталды. Жалған әуе билетін сатуға арналған сайтта пайдаланушылардың құпия деректері заңсыз жиналған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz