Reuters зерттеуі: коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионнан асты

Әлемде коронавирустан қайтыс болған адам саны 5 миллионнан асты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Reuters зерттеуі бойынша, 2,5 млн адам 1,5 жыл ішінде қайтыс болған. Ал қалған 2,5 млн адам шамамен 8 айдың ішінде өлді. Сонымен қатар, коронавирустан қайтыс болғандардың көбі Оңтүстік Америкада тіркелген — 21%.

Бұдан бөлек өлім саны Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропада жиі тіркелген. Reuters зерттеушілері вакцина екпеген адамдардың дельта вариантын жұқтыру мүмкіндігі көп екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 елдің 187 мемлекетінде дельта варианты анықталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz