Ресей әскерилерінің табыты бейнеленген фото — фейк

Желіде “болжам бойынша ресей әскерилерінің табыты салынған және «Z» әрпі бар жүк көліктерінің Ресейге қайтып бара жатқан” суреті тарады. Суретті серіктестеріміз Vox Ukraine қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді. Factcheck.kz әріптестердің материалын қазақ тілінде оқырман назарына ұсынып отыр.

Ресей әскерилерінің табыты бейнеленген фото — фейк

Үкім: Фейк

Желіде тараған хабарлама – фейк. Фотоны “TinEye” арқылы тексергенімізде түпнұсқасының Reuters агенттігі 2014 жылы жариялағанын анықтадық. Демек, суреттің Украинадағы қазіргі жағдайға және Ресей сарбаздарына еш қатысы жоқ.

Ресей әскерилерінің табыты бейнеленген фото — фейк
Reuters суреті

Түпнұсқа суретте Ресейдің Каменск-Шахтинский қаласының маңында «Бук» зымырандарына арналған контейнерлері бар жүк көліктері бейнеленген. Сонымен бірге, фотода «Z» әрпі мен «Ресей» деп жазылған белгілер де жоқ, ал контейнерлер — қою жасыл түсті болған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz