Ресейде The Insider бас редакторы Роман Доброхотовтың үйінде тінту жасалды

Ресейде қауіпсіздік күштері The Insider (Ресейде “шетел агенті” деп танылған) бас редакторы Роман Доброхотовтың үйінде тінту жасады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Маған тінту жүргізуге келген секілді. Полиция есікті қағып тұр.

Роман Доброхотовтың туиттер парақшасынан.

Журналист бұл постты жариялаған соң қоңырауларға жауап бермеді. “Правозащита Открытки” ұйымы журналистің үйіне адвокат Оксана Опаренко кеткенін хабарлады.

Полиция Доброхотовтың ата-анасына да келген. Роман Доброхотовтың үйін тінту кезінде телефон, ноутбук, планшет және төлқұжаты тәркіленген. Бұл туралы оның адвокаты Опаренко айтты.

Доброхотовтың әріптесі Сергей Ежовтың айтуынша, бүгін The Insider бас редакторы Ресейден жұмыс бабымен кетуді жоспарлаған.

Контекст

  • Былтыр қарашада The Insider басылымында голландиялық блогер Максимилиан Ван дер Верфф Ресей Қорғаныс министрлігі және ГРУ-мен бірге жұмыс жасайтыны туралы материал жарияланған.
  • Басылымның болжауынша, полиция қызметкерлері блогердің шағымынан соң қозғалған жала жабу ісі бойынша келген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz