Перуашев квазимемлекеттік сектордағы қаржы бұзушылық туралы не деді?

9 маусымда Мәжілістің кезекті пленар отырысында «Ақжол» партиясы жетекшісі Азат Перуашев квазимемлекеттік кәсіпорындардан мемлекет қазынасына түсетін бюджет проблемасы туралы деректерді жариялады.

Перуашевтің сөзі 2:20:05-те басталады

Депутаттың айтуынша, былтыр экономиканың осы секторындағы компаниялар кірісінің аз бөлігін мемлекеттік бюджетке төлеген, солай бола тұра, бұл ұйымдарда айтарлықтай қаржы бұзушылығы байқалады.

Factcheck.kz редакциясы депутат ұсынған деректерді тексерді.

Мәлімдеме: «Есеп комитеті мәліметі бойынша, ұлттық компаниялар мен квазимемлекттік кәсіпорындар былтыр бюджетке кірісінің тек 7%-ін ғана жіберген. Сол мәлімет бойынша, квазимемлекеттік сектордағы бұзушылық мөлшері 380 миллиард теңгеден асады»

Азат Перуашев

Үкім: Шындық және Техникалық қате

Шындығы мынада: Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қорытындысы бойынша, төленген дивиденд мөлшері квазимемлекеттік сектор субъектілері алған табысқа пропорционал емес. Былтыр ұлттық компаниялар мемлекет қазынасына 142,7 миллиард теңге немесе кірістің 7%-ін төледі.

Техникалық қатесі мынада: Сол құжатта 2020 жылға жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша, квазимемлекеттік сектордағы қаржы бұзушылығы мөлшері 379,8 млрд теңге болғаны көрсетілген.

Есеп комитетінің есебі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активін басқару ұлттық ресурстардың өсуіне және әл-ауқаттың артуына ылғи да ықпал ете алмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, олардың қызметін жүйелі түрде бюджеттен қаржыландыру қаражатты ұтымды пайдалануға ынталандырмайды.

Есепті жылы квазимемлекеттік сектордың 25 субъектісіде 16 трлн. теңгені қамыған 6 аудиторлық шара өткізілді. Аудит қорытындысы бойынша, 379,8 миллиард теңге бұзушылығы анықталды, оның ішінде қаржы бұзушылығы – 40,7 миллиард теңге, активтерді тиімсіз басқару – 339,1 миллиард теңге.

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 2020 жылы тарихи максимумға жетіп, 569,4 миллиард теңге болды.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz