Орталық Азия жастарына арналған QLEVER платформасы іске қосылды

Біз Орталық Азия елдеріндегі аз қамтылған жастардың медиасауатын нығайтуға бағытталған білім беру және интерактивті ойындар ұсынатын QLEVER платформасын іске қосып жатырмыз. Платформа Android компьютерлері мен ұялы телефондарына жүктеу үшін қолжетімді. QLEVER Қырғызстанда, Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстандағы Орталық Азия жастарының өшпенділік тіліне, жалған ақпарат пен фейкке қарсылығын нығайтуға және сыни ойлау мен медиасауат дағдыларын пысықтауға бағытталған. Ойындардың мазмұны төрт елдегі медиакеңістікті бақылау нәтижелеріне негізделеді. Жастар ойын ойнай отырып ұпай жинайды және оларды мобильді бірліктер мен жүлделерге айырбастай алады.

QLEVER Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен BRYCA «Орталық Азия жастарының сыни ойлауын арттыру үшін медиа және ақпараттық сауат» (BRYCA) жобасы аясында әзірленген.

Платформаны үкіметтік емес ұйымдар тобы – IREX Europe ҮЕҰ (Франция), БАҚ-ты қолдау орталығы (Қырғызстан), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (Өзбекстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан) құрған.

Біздің ойындық тәжірибеміздің мақсаты – Орталық Азия елдерінің жастарына жалған ақпарат пен өшпенділік тілін анықтаудың маңызды дағдылары мен әдістерін нығайтуға көмектесу. Бұл аймақтағы медиасауат деңгейі жоғары емес. Көп жағдайда қоғамда медианың демократиялық қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі туралы терең білім болмайды. Тұтас әлемдегідей Орталық Азия жастары да негізінен онлайн ресурстар мен әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенеді. Бұл ретте дәстүрлі медиа ресурстары интернеттегі өшпенділік тілі мен жалған ақпаратқа балама бере алмай отыр. Нәтижесінде, қоғам манипуляцияға тап болады.

Ең қиыны – жастарды әсіресе шалғайдағы ауылдық және қалалық жерлерде тұратын аз қамтылған осал санаттарды білім беру шараларына тарту. Көбінесе мұндай жастар дәстүрлі білім беру бағдарламаларына қатыса алмайды немесе қатысқысы келмейді және әдеттегідей олармен онлайн жұмыс істеуге де ынталы болмайды.

QLEVER ойын платформасы инновациялық және интерактивті ойындар арқылы мәселенің ықтимал шешімін ұсынады және жастарды мобильді бірліктерден смартфондарға дейінгі жүлделермен ынталандырады. Осылайша, біздің мақсатымыз – мыңдаған аз қамтылған жастарды жобаға қатыстырып, олардың өшпенділік тіліне, әсіресе, әлеуметтік желілердегі насихаттау мен жалған ақпаратқа қарсы табандылығын арттыру.

Ұялы телефондар үшін жүктеу: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.irokez.qlever

Онлайн: https://qlever.asia/ru/region

Байланыс

Алёна Кошкина, MediaNet Халықаралық журналистика
Орталығы Медиасауат бағдарламасының жетекшісі

Email: [email protected] / [email protected]

Телефон: +7 747 987 987 9

Бұл жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және IREX Europe, БАҚ-ты қолдау орталығы (Қырғызстан), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (Өзбекстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан) жүзеге асырады. Жоба жастардың сыни ойлауын дамытуға және интернеттегі жалған ақпарат пен өшпенділік тіліне қарсы табандылығын нығайтуға бағытталған. Бұл мақсат – адамның құқықтары мен негізгі бостандығын қорғау және оны насихаттау үшін азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі жаһандық мақсаттың бір бөлігі.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz