OCCRP: Лукашенко «жыл жемқоры» деп танылды

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Беларусь елінің авторитар басшысы Александр Лукашенконы 2021 жылдың «жыл жемқоры» деп таныды. Бұл туралы OCCRP сайтында хабарланды.

OCCRP хабарлауынша, Лукашенко “Еуропаның соңғы диктаторы” және “ұйымдасқан қылмысқа итермелегені” үшін басты жемқор деп танылды. Қазылар алқасы Лукашенконы 1167 үміткердің арасынан таңдады.

“Сыбайлас жемқорлық тұрғысынан естен кетпес жыл болды, бірақ Лукашенко бәрінен асып түсті”, — деді қазылар алқасының үйлестірушісі және OCCRP негізін қалаушы Дрю Салливан.

Сонымен қатар, OCCRP Беларусь билігі Ryanair ұшағын мәжбүрлі түрде қондырғанын атап өтті. Ұшақта Беларусь билігін өткір сынап жүрген Роман Протасевич пен оның құрбысы Софья Сапега болған.

Ұйым дерегінше, Лукашенкоға қарсы шыққандар осыған ұқсас жағдайға тап болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, Беларусьте билікке қарсы митиң ұйымдастырғаны үшін 18 жылға сотталған Сергей Тихановскийдің де күйін кешуі мүмкін екенін де жазған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz