Мұнай компаниясының 51% акциясы Қытайға сатылатыны рас па?

Бірнеше күн бұрын Kritika.kz сайтының Facebook парақшасында (32,2 мың жазылушысы бар) “Мұнай компаниясының 51 пайыз акциясын Қытайға сатамыз” деген ақпарат шықты. Бұл қандай компания, кімге тиесілі Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Мұнай компаниясының 51 пайыз акциясын Қытайға сатамыз

Сауат Мыңбаев

Үкім: Манипуляция

Парақша сілтеме жасаған Oinet.kz сайтындағы бұл ақпарат 2017 жылы (6 маусым) жарияланған. Осыдан 3 жыл бұрынғы ақпаратты қазір болғалы жатыр деу – манипуляция.

Ақпарат қайдан шықты?

“ҚазМұнайГаз” компаниясының шетелдік жобаларының бірі – KMG International 2015 жылы желтоқсан айында қытайлық China Company Limited компаниясына “Dyneff” компаниялар тобының 51 пайыз акциясын сату жөнінде мәмілеге жасасқан. Алайда, араға 3 жыл салып Бухарест қор биржасының сайтында ешқандай келісімге келмейтіндігі туралы мәлімдеме шықты.

Контекст

2007 жылы “ҚазМұнайГаз” компаниясы The Rompetrol Group компаниясының 75% акциясын сатып алды. Кейін 2009 жылы қалған 25% акциясын алып, атауын KMG International-ға өзгертті. Қазір бұл компанияның 80% акциясы өзіне тиесілі болса, қалған 20%-ы “SAPE” (Societatea de Administrare a Participaţiilor în Energie) компаниясына тиесілі.

Rompetrol – KMG International компаниясының негізгі бренді, бұл бренд Румыния, Молдова, Болгария және Грузия аумағында мұнай өндіру, мұнай өңдеу және сауда қызметімен айналысу үшін пайдаланылады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz