Министрометр: Арыстанбек Мұхамедиұлы уәдесінде тұрды ма?

Арыстанбек Мұхамедиұлы — 2014 жылдың 13 наурызынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Соңғы 4 жылда министірлікте болған шулы оқиғалар: Мәскеуде еңбек етіп жүрген қырғыз азаматтарына қатысты оқиға; Қазақстан ауыр атлеттерін жарыстан шеттетілуі; «Феникс» филімінің түсірілімі кезінде 69 миллион теңгенің қолды болуы және тағысын тағы.
Арыстанбек Мұхамедиұлының Талхиз тарихи ескерткішін қорғау, Шучеде шаңғы трамплині мен спорт базасын салу, “Қазақ елі” сериалын қаржыландыру секілді уәделері халық есінде. Ал Министр мырза бұлардан өзге қандай уәде берді екен, бірге тексерейік.

1. Today.kz: Талхиз қалашығы арқылы автожол құрылысын салдырмау.
2. Tengrinews.kz: 2018 жылдан бастап «Қазақ туризм» АҚ өзін-өзі ақтай бастайды.
3. Informburo.kz: Щучинск қаласындағы шаңғы базасын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа беру.
4. online.zakon.kz: Щучинск қаласында салынып жатқан спорт базасын 2014 жылдың қазан-қараша айларында ашу.
5. YouTube: маусым айынан бастап үкіметтік емес ұйымдар үшін грант беруді бастаймыз.
6. YouTube: Қ. Қуанышбаев атындағы театрды К.Бәйсейітова атындағы театр ғимаратына көшіру.
7. 365info.kz: Шетел футболистерін шақыруға бюджеттен көлемді қаражат бөлмеу.

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz