Microsoft 24 шілдеде Windows-тың жаңа түрін ұсынады

24 маусымда Microsoft корпорациясы Windows операциялық жүйесінің жаңа түрін ұсынады. Бұл туралы The Verge сайты хабарлады.

Бір апта бұрын Microsoft бас директоры Сатья Наделла «Windows-тың келесі буыны» туралы хабарлаған. Ол Windows операциялық жүйесінің жаңа түрін кейінгі он жылдағы ең маңызды жаңарту екенін де айтқан.  

Bloomberg дерегінше, жақын арада Windows-тың жаңа түріне тест жасалады. Ал күзде операциялық жүйенің жаңа түрін барлық қолданушылар пайдаланады.

Контекст

2015 жылы шілдеде Microsoft операциялық жүйенің соңғы түрі Windows 10 шықты. Ол 2018 жылы Windows 7-ден озып, компанияның ең танымал операциялық жүйесіне айналды.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz