Мемлекеттік сатып алу хабаршысы: 17,9 млрд теңге тұратын автобус туралы не білеміз?

Әлеуметтік желілерде Қазақстан астанасы әкімдігі Youtong маркалы 100 автобусты 17,94 млрд теңгеге сатып алды деген мәлімет тарады. Бір автобустың құны – 378 000 доллар.

«Astana LRT» ЖШС Youtong маркалы 100 дана автобусты қаржылық лизинг қызметінің көмегімен мемлекеттік сатып алу арқылы алады. Автобусты сатып алуға қаржылық лизинг жеткізуші – «БРК Лизинг» АҚ. Келісім-шарт сомасы 17,94 млрд. Сонымен әлеуметтік желілердегі ақпаратты тендер құжаттарының мәліметтерімен салыстырайық.

Бұрынырақ автобус сатып алуға қаржылық лизинг қызметін осы жылдың шілде және тамыз айларында Нұр-сұлтан қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы алуға тырысқан.

Пікір: Астана әкімдігі 2020 жылдың көктеміне қарай Youtong маркалы 100 жаңа электробус алады.

Үкім: Шындық

Тендердің техникалық сипаттамасына сәйкес лизинг заттарын жеткізу орны мен мерзімі – мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт орнатқаннан кейін 6 ай ішінде жүзеге асады. Келісім 2019 жылдың 22 қазанында өз күшіне енді. Яғни, автобустар 2020 жылдың мамыр айында жеткізіледі. 

Пікір: Қостанай зауытымен орнатқан келісімнің жалпы сомасы 17,94 млрд теңге. 

Үкім: Шындық

Техникалық құжатқа сәйкес келісім-шарт сомасы 17,94 млрд теңге. 100 дана автобустың құны – 14,6 млрд теңге. 

Пікір: Қазақстан құрастыратын 1 қытайлық электрлі автобустың бағасы – 378 000 доллар.

Үкім: Шындық

Техсипаттамаға сәйкес бір автобустың бағасы – 146 712 333 (жүз қырық алты миллион жеті жүз он екі мың үш жүз отыз үш) теңге. Доллар валютасына аударғанда 378,124 доллар. 

Электробустардың жалпы сипаттамалары

  • Youtong ZK6128BEVG маркалы  төмен еденді электрлік қалалық автобустар – өндіруші «СарыАркаАвтоПром» ЖШС. 
  • Тұтас металл, электрмен жұмыс істейді. 
  • Ұзындығы – 12 метр. Ені – 25,5 метр. Сыйымдылығы – 73 адам. 
  • Электробус қала ішінде тасымалдауға арнайы жасалуы керек. 
  • Транспорт электрлік кондиционермен жабдықталуы тиіс
  • GPS/GLONASS пен жолаушыларды есептеу: жаһандық жайғастыру жүйесі және GPS/GLONASS параметрлер мониторингі (антенна + қуаттандыру)
  • Техникалық сипатамма құжаты автобустың құрылғыларына қатысты жалпы талаптардан бастап өрт қауіпсіздігі ережелерін де қамтитын 13 бөлімнен тұрады.
техническая-спецификация-рус-яз

Автобустардың мұндай бағасы қайдан шықты?

Youtong автобустарына қатысты халықтың көңілі толмауының басты себебі оның бағасында болып тұр. Бір данасы – 146 млн. «Astana LRT» өкілдері бағаға қатысты әртүрлі аргумент айтады. Мәселен, «Astana LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Youtong автобустарының басқа арзанырақ түрлерімен салыстырғанда мынадай артықшылықтары бар дейді: 

Бұл басқа автобустар, басқа үлгі. Онда қос қабатты әйнектеу жоқ, жылытқыштары жоқ. Онда біз сатып алатын арнайы құрылғылар, мәселен, валидаторлар, бақылау камералары және жүргізушіге арналған қауіпсіздік бағдарламасы жоқ. Ол үлгіні бізде, Нұр-сұлтанда жүргізу – утопия. Арзан автобусты сатып алуға да болады, бірақ ол бір жылдан кейін бұзылып қалады» (орыс тілінен аударылды).

Youtong автобустарының басқалардан қандай ерекшелігі бар екені жайында тендерлік құжатта не айтылған?

  • Қос қабатты әйнектеу: жүргізушінің сол жақ терезесі, бүйір жақ терезелері мен есік әйнектері қос қабатты немесе электржылытқышпен қамтылған. Электробус вентиляциялық желкөзі бар үш бүйір жақ тереземен жабдықталған болуы керек. 
  • Жылытқыштар: Жылытқыштардың екі жиынтығы. Әр жолаушылар есігінің алдында жылытқыш болуы керек. Сонымен қатар жоғарыдағы кондиционердің жылыту функциясы болуы тиіс. Жүргізуші аумағы мен жолаушылар тұратын жер әрқайсысы бөлек жылынуы керек. Автобус автономды жылытқышпен жабдықталған.
  • Бейнебақылау жүйесі: автобус жоғары дәлдігі бар 6 камерамен жабдықталған болуы керек. Техникалық құжатта жүргізушінің қауіпсіздік бағдарламасы туралы ештеңе айтылмаған.
  • Валидаторлар: Futura 3A (AEP Ticketing Solutions) үлгісіндегі валидаторлар кіру есігінен басқа есіктің әрқайсысына орнатылуы керек. 

Әлеуметтік желілерде Youtong маркасының арзан нұсқалары да талқыланды. Мәселен, Youtong E12 үлгісі де осыған ұқсас, ұзындығы мен ені 12х2.5 метр. «Astana LRT» ЖШС баспасөз хатшысының сөзіне сенсек, бұл автобус астаналық талаптарға жарамсыз. 

Электроавтобустардың еуропалық аналогтары, мәселен Mercedes-Benz орташа есеппен екі есе қымбат. Жалпы көлік көп жолаушыларды тасымалдауға арналған қымбат техника. Егер осы факттарды негізге алсақ, жалпы жинақтаудан ерекшеленетін автобустарды сатып алу бағасы асырып айтылмаған.

Контекст 

Лизинг дегеніміз не?

Қаржылық лизинг келісімі үшжақты болады, оның ерекшелігі сонда. Лизинг келісімі бойынша бір жақ (лизингберуші) екінші жақтан (лизингалушы) сатушыдан белгілі бір мүлікті сатып алады. 

Лизинг (немесе қаржылық жалға алу) айналымнан үлкен соманы алмай-ақ жаңа құрылғыны алуға, өндірісті кеңейтуге, алдыңға қатарлы технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жалпы, бұл ұзақмерзімді жалға беру. Лизинг келісімі бойынша жалға алған мүлікті лизинг алушының толық сатып алу мүмкіндігінің бар-жоқтығына байланысты лизинг оперативті және қаржылық болып бөлінеді. 

Астанадағы лизинг келісімінің қатысушылары

Лизингалушы (Астана LRT) – мекеме лизинг компаниядан лизинг мүлкін сатып алуға тапсырыс береді, лизинг келісімшартының мерзімі аяқталған соң, қалған бағасына сатып алу мүмкіндігі бар. 

Лизингберуші (БРК-Лизинг АҚ) – лизинг компаниясы лизингалушының тапсырысы бойынша қаржылық лизинг мүлкін сатып алып (өз ақшасына немесе қарызға), мерзім соңында сатып алуға болатындай жалға береді. 

Сатушы (СарыАркаАвтоПром ЖШС) – алушының өндірістік қызметі үшін қажетті мүлікті сататын компания.

  • Сатып алуға бөлінге қаржы: 17,94 млрд теңге.
  • Лизинг мүлкінің жалпы сомасы: 146 млрд теңге.
  • Аванстық төлем мөлшері: 2,9 млрд теңге.
  • Жабуға/қаржыландыруға тиісті негізге қарыз сомасы: 11,7 млрд теңге. 
  • Сыйақы мөлшерлемесі: 3,2 млрд теңге.

«Астана LRT» ЖШС мен «БРК-Лизинг» АҚ 02.10.2019-нан « «City Bus 4» электрлі қалалық автобустардың 100 данасын сатып алу» жобасын қолдау мақсатында қаржылық лизинг келісімшартын жасайды. 

Лизинг мерзімі қаржылық лизинг келісімі орнатылғаннан кейін 7 жыл. Сонымен қатар лизингберуші лизингалушыға лизинг мүлкін уақытша пайдалануға беру мерзімі 37 айдан кем емес. Лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-дан көп емес. 

Негізгі қарызды төлеу мерзімі: жартыжылдық тең төлеммен жеңілдік мерзімі аяқталғаннан күннен бастап 6 айда 1 рет. 

Youtong маркалы автобусты сатып алуға арналған қаржылық лизинг қызметтерінің келісімі

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz