Манипуляция | Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

29 шілде күні Sputnik.kz сайтында “Қытайда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр” деген тақырыппен материал шықты. Сайтта нақты қандай түрі екендігі туралы ақпарат жоқ, тек KTK телеарнасына сілтеме жасаған. Ол сілтемесі сайтта табылмады. КТК телеарнасының сайтына кіріп қарағанымызда 28 шілде күні шыққан жаңалықта көрсеткенін байқадық. Сонымен, ол қандай ақпарат?

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді. Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.

КТК телеарнасы

Үкім: Манипуляция

Бұл тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, себебі ешқандай ресми орган коронавирустың “жаңа түрі” туралы ақпарат шықпаған. ҚХР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 27 шілде күні расымен де 68 адамнан коронавирус анықталған, алайда бұның барлығы Covid-19-ға ғана қатысты.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында да коронавирустың “жаңа түрі” туралы мәлімет жоқ. Ал, Қытайда соңғы 3 күнде (27-29 шіле) 274 адамнан коронавирус анықталған.

Осыған дейін де бірнеше рет Қытайда таралған коронавирустың “жаңа түріне” қатысты ақпарат тараған болатын. Оның бірнешеуін біз тексердік.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz