Манипуляция | Қазақстан Посткеңестік елдер арасында жемқорлықпен күресте алдыда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксимов Астанада өткен халықаралық бизнес-форум кезінде бірқатар мәлімдемелер жасап, оны bnews.kz порталы жариялады. Ендеше, сол мәлімдемелерді бірге тексерейік.

Мәлімдеме:

Біз алғаш рет осы рейтинте 31 балл жинадық.

Үкім: Шындық

Шынымен де, Қазақстан алғаш рет 30 баллдан асты.

Мәлімдеме:

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Transparency International рейтингінде сыбайлас жемқорлық факторы бойынша инвестициялық жағымды аймаққа енді.

Үкім: Манипуляция

Transparency International рейтингі мемлекеттердің инвестициялық ахуалының жай-күйін анықтамайды. Мүксимов мырзаның Қазақстандағы инвестициялық жағдайдың жай-күйіне берген бағасы субъективті болып келеді, бұл деректі Transparency International растамайды.

Мәлімдеме: 

Қазақстан Посткеңестік елдер арасында алдынғы қатарда. Алдымызда тек Грузия ғана.

Үкім: Жалған

Тек ТМД елдерін ғана қарастыратын болсақ, Қазақстанның алдында Армения (107-орын — 35 балл) және Белоруссия (68-орын — 44 балл) тұр. Қазақстан, Молдова және Әзірбайжан 122-орынды 31 баллмен бөліскен.


Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасынан Қазақстаннан, Армения мен Белоруссия,  Грузия (46-орын — 56 балл) ғана жоғары тұрған жоқ, Балтық елдерінің барлығы алдыңғы қатарда: Латвия — 58 балмен 40-орында, Литва – 59 балмен 39-орында, Эстония -71 балмен 21-орында. Осылайша Қазақстан мен Эстония арасындағы алшақтық рейтингтің 101 позициясы (180 елдің арасынан) немесе 40 балл.

Transparency International рейтингісі туралы

  • Transparency International — сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық бірігу. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық рейтингі CPI (сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі) негізінде жинақталады.
  • Рейтинг елдегі сыбайлас жемқорлықтың объективті жай-күйінің көрінісі болып табылмайды, өйткені индекс сыбайлас жемқорлықтың келесі аспектілерін жаппайды: азаматтардың сыбайлас жемқорлықты қабылдауы; салықтық құйтырқылық, ақшаны жымқыру; көлеңкелі экономика мен нарықтар.
  • CPI рейтингі — әр-түрлі институттар өткізетін 13 зерттеудің агрегировалық индексі.

 

 

Чингиз Уалихан