Манипуляция | Ғалымдар спрей түріндегі вакцина шығарды

Бірер күн бұрын қазақстандық БАҚ-та Оңтүстік Корея ғалымдарының коронавирусқа қарсы спрей түріндегі вакцина шығарғаны туралы ақпарат тарады. Біз мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрдік.

Үкім: Манипуляция

Спрей түріндегі вакцина шықты деп айту әлі ерте. Шынымен-ақ тамыз айының төртінде препринт зерттеулерге арналған bioRxiv сайтында осыған қатысты материал жарияланғанған. Бірақ, бұл тек зерттеудің ең алғашқы кезеңнің бірі. “Препринт” терминінің өзі соны меңзейді.

Елімізде ақпарат таратушылар матераил соңында бір сөйлеммен ғана клиникалық зерттеу өтпегенін айтқан. Алайда олар клиникалық зерттеудің маңыздылығын ескермеген секілді. Материалда гиперсілтеме жоқтығын да ескерген жөн. Сондықтан да ақпарат манипуляция боп саналады.

Бұл [клиникалық зерттеу] жаңа дәрінің, диетаның не медицина құралдарының адамға пайдасы барын не жоғын яки зиянын анықтаудың ең негізгі амалы.

National institute on Aging

Зерттеуде не айтылған?

Ескерту: Материал әлі препринт деңгейде. Яғни бұл жұмыс әлі ғылыми бағасын алмаған, шикі әрі басқа мамандардың қарауынан өтпеген. Сондықтан бұған сүйеніп бірдене деуге ерте. Біз мұны сіздердің зерттеу жұмысы туралы толыққанды білулеріңіз үшін беріп отырмыз.

Зерттеудің алғашқы бөлігінде ғалымдар вакцинаны SARS-CoV-2-ге сезімтал трансгенді тышқандарға тексеріп көрген. Олардың денсаулығын 14 күн бойы бақылаған. Сол уақыт аралығында тышқандарда салмақ жоғалту немесе өлім-жітім болмаған.

Зерттеу жүргізушілер ішке пайдалануға арналған SARS-CoV-2 вакцинасын жасау үшін инфекция жұқтырған пациенттің бойынан алынған SARS-CoV-2-ні біртіндеп Vero клеткаларындағы 37° C-тан 22° C аралығындағы температураға бейімдеген.

Қорытындылай келе, салқынға бейімделген SARS-CoV-2 вакцинасы тышқандар үшін қауіпсіз және бір дозалық вакцинация тышқандарды SARS-Cov-2 инфекциясынан толықтай қорғайды.

Зерттеу авторлары
Думан Терликбаев
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті. Республикалық "Жас Алаш" газетінде журналист-фрилансер қызметін атқарған.