Манипуляция: Ғалымдар «Эргоферон» препаратының биологиялық денелерде әсер етуін растады

Journal of Immunology ғылыми журналы Ресей өндіретін «Эргоферон» препаратының әсері туралы мақала жариялады.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, зерттеуге ресейлік ғалымдардан басқа АҚШ, Нидерланды мен Франция қатысқан. «Жоғары сұйылтылған биологиялық препараттардың әсер ету механизмінің мәнін түсіну» деп аталатын зерттеу «Эргоферон», «Анаферон» және «Балаларға арналған Анаферон» препараттарының биологиялық денелерде әсерінің фармакологиялық принципін түсіндіреді.

АҚШ-тың ғылыми журналы «Эргоферонның» биологиялық денелерде әсер ету механизмі расталғаны туралы хабарланған.

Factcheck.kz ресейлік ғалымдар мен БАҚ жариялаған ақпаратты тексеруді жөн көрді.

Үкім: Манипуляция

Мақала шынымен де аталған журналда жарияланған. Дегенмен, Journal of Immunology журналына әлемде ең көп сілтеме жасалады дей алмаймыз. Одан да маңызды мәселе – зерттеуді қаржыландырған Ergoferon препаратын өндірушісі NPF Materia Medica Holding компаниясы. Пікір қайшылығы мақала авторларының бейтараптығын көрсетпеуі де мүмкін.

Алайда, NPF Materia Medica Holding зерттеуді тек қаржыландыруға, статистикалық талдау жүргізуге, жұмысты жариялауға шешім қабылдауға және мақаланы өңдеуге кететін шығындарды төлеуге, сондай-ақ эксперименттер жасауға және қолжазбаны жазуға қатысқан.

Зерттеу авторларының бірі – Олег Эпштейн NPF Materia Medica холдингінің негізін қалаушы, президенті және акцияның көп бөлігінің иегері. Тағы бес автор – компанияның ғылыми қызметкерлері. Қалған алты ғалым қаржылық мүддесі көзделмеген.

Әрине, мүдделер қақтығысы зерттеудің дұрыс жүргізілмегендігін білдірмейді. Алайда, бұны дәйексөз келтіргенде және шешім қабылдағанда ескеру қажет.

Lenta.ru сайты Journal Citation Reports тізімінде 2019 жылы ең көп сілтеме жасаған Journal of Immunology журналы деп жазды. Импакт-фактор бойынша журнал 12515 орынның 1134-ші орнына жайғасқан. Егер дәйексөздердің жалпы қолдану санына баға берсек те, журнал алғашқы орыннан көрінбейді.

Дайындаған: Алмабек Ерболатұлы

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз

Медет Есимханов
Фактчекер, выпускник Онлайн-Академии фактчека (2020). Изучал международные отношения и государственную политику.