Коронавирус | Хренмен емделуге бола ма?

Соңғы күндері желіде “коронавирустан хреннің тамырымен емделуге болады екен. Небәрі екі-үш күнде иіс пен дәм сезуді қалпына келтіреді” деген ақпарат тарап жатыр. Ендеше тексерейік.

«Ақжелкектің (хрен) үгітілген тамыры да коронавирусқа ем екен…

Үкім: Жалған және жартылай шындық

Ақжелкектің вирусқа қарсы (және коронавирусқа қарсы) қасиеті туралы ғылыми немесе медициналық тұрғыда дәлелденген мәлімет жоқ…

… Ақжелкек медицинада қолданылады және расында көптеген пайдалы қасиеттері бар екеніне қарамастан, оның вирусқа қарсы пайдасы жөнінде дәлел жоқ. Мысалы, ақжелкектен бөлінген пероксидаза (HRP) ферменті көптеген молкулалық-биологиялық әдістемеде (ИФТ (иммуноферменттік талдау), вестерн-блоттинг, иммуногестохимиялық  талдау) қолданылады. Зерттеушілер HRP-дің жаңа қасиеттерін әлі де ашып жатыр. Сонымен қатар, ақжелкек автолизаттарын талдау жаңа табиғи өнім – 5-фенилпентил изотиоцианатын (PhPeITC) анықтады, ол Caco-2, HeLa (рак) және MDCK (рак емес) жасушалық желілеріне цитоуытты әсер етеді. Изотиоцианат кейбір микроб пен саңырауқұлаққа қатысты белсенділікке ие. Дегенмен, ашық қолжетімділікте ақжелкектің вирусқа қарсы қабілетіне қатысты ешқандай зерттеулер жоқ.

Дәрігер Комаровский бұл өсімдіктің тамыры коронавирус инфекциясының алдын алуда өзінің жасауратқыш қасиетіне бола тиімді болуы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда бұл тек болжам ғана.

Комаровскийдің айтуынша, жастың құрамында лизоцим ақуызы болғандықтан, ол вирусқа қарсы әсер ете алады. Айта кетейік, лизоцим ақжелкектің құрамында да бар. Жалпы тірі материяның барлық түрінде – бактериофагтан бастап адамда да болады. Макроағзада ол барлық тіндерде және биологиялық секреттерде кездеседі. Лизоцим (200 мкг/мл) мөлшері бойынша сілекей (7000 мкг/мл) жас сұйықтығынан кейін екінші орында тұр.

Сол себепті дәрігер Комаровскийдің ақжелкектің жасауратқыш қасиеті туралы пікіріне де, алдын алу құралы туралы пікірге де болжам ретінде келісуге болады. Яғни, нақты емес. Сол себепті ақжелкекке де, жасауратқыш қасиетіне де бәс тігуді ұсынбас едік.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz