Коронавирус туралы фейктер: кокаин, С витамині және Симпсондар

Коронавирус позициясын бермей тұрған шақта оны емдеудің «ғажайып» әдістері мен мультфильмді-конспирологиялық теориялар желіде кең тарап жатыр. Осындай ақпараттың бірнешеуін IFCN-дегі әріптестерімізбен бірге талдап көрелік.

Коронавирус, спирт және кокаин

Коронавирус туралы фейктер: кокаин, С витамині және Симпсондар

Тараған ақпарат: С витамині, фенхель шайы, кокаин, алкоголь және антибиотиктер коронавирустан емдейді.

Үкім: Жалған

Мұндай құралдар бірнеше жыл бұрын H1N1 вирусы өршіген кезде де «ұсынылған» еді. Сол кездегідей қазір де аталған құралдар пайдасыз – олардың адамды емдейтіні жөнінде ғылыми әдістермен расталған еш дәлел жоқ. Бүгінгі күні коронавирустың (COVID-19) алдын алатын және оны емдейтін дәрілік табылмаған. COVID-19-ды емдеу тәсілдері туралы өзекті ақпараттарды ДДСҰ-ның сайтынан үнемі тексеріп отыруға болады.

ДДСҰ коронавирустың алдын алуға және өз-өзін емдеуге төмендегі заттарды қолдануға кеңес бермейді:

  • Темекі шегу
  • С витаминін қабылдау
  • Шөп шайларын ішу
  • Қорғанысты арттыру үшін бірнеше медициналық масканы бір уақытта қолдану
  • Дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді қабылдау

С витаминіне қатысты айтатын болсақ, оның аурудың алдын алуға әсері жылдар бойы зерттеліп келеді. 2013 жылы жарияланған зерттеу бойынша витаминнің суық тиюдің алдын алудағы маңызды рөлі анықталған жоқ. Алайда оның ауру мерзімін қысқартуға көмектесуі мүмкін деген болжам бар. С витаминінің коронавирусқа әсері туралы зерттеу жүргізілмегендіктен, оның оң ықпалы туралы айту мәнсіз.

Фенхель шайының вирусқа қарсы Тамифлю дәрісімен ұқсастығы туралы сөздерден кейін танымалдығы артты. Тамифлю немесе осельтамивир әністен алынады. Дегенмен әніс немесе фенхельдің адам ағзасына вирусқа қарсы әсер береді деу дұрыс емес. Бұл Мато Гроссо федералдық университеті ғалымдарының зерттеуімен дәлелденген.

Кокаиннің «емдік қасиеті» бар алып-қашпа әңгіме интернетте Break Your Own News, Breaking News Photo Editor және breakyourownnew.com сайттары арқылы таралды. Мұндай қызметтер барлық адамға кез келген мазмұнды енгізе алатын «Шұғыл жаңалықтар!» сынды жаңалық кадрларын құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ киімді толық спирттеу де коронавирустан құтқармайды. Мұны үй жағдайында мұқият жасау қиын.

Коронавирус және Симпсондар

Коронавирус туралы фейктер: кокаин, С витамині және Симпсондар

Тараған ақпарат: «Симпсондар» мультсериалы коронавирустың пайда болатынын болжады. Мультсериалда вирустың АҚШ-қа қытай тауарлары арқылы келгені көрсетілген.

Үкім: Жалған

Maldita.es фактчек басылымы анықтағандай, шын мәнінде «Симпсондардың» бір эпизодында жапондық Осака қаласынан келген тұмау туралы айтылады.

Ал суретке қатысты айтатын болсақ, оған фотошоп қолданылған.

Коронавирус туралы фейктер: кокаин, С витамині және Симпсондар
Фейк сурет

Екі кадрды салыстырыңыз: котоапокалипсисті хабарлайтын екінші сурет – түпнұсқа.

Коронавирус туралы фейктер: кокаин, С витамині және Симпсондар
Түпнұсқа сурет

Мақалада мынадай материалдар пайдаланылды:

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz