Коронавирус | Кыст аль Хинди ем бола ма?

Соңғы күндері желіде “Кыст-әл-хинди пайдалану коронавирусқа қарсы көмектеседі” деген ақпарат тарап жатыр. Ендеше тексерейік.

Пікір: Кыст-әл-хинди пайдалану коронавирусқа қарсы көмектеседі

Үкім: Жалған

Көптеген видеодан адамдардың коронавирусқа қарсы бульбулятор арқылы (қарапайым бонгтің сленг атауы, әдетте есірткіні пайдалану үшін қолданылады – ред.) Кыст-әл-хиндиді пайдаланып жатқанын көруге болады. Бұл дәріні сататын ресурстар оның көп ауруға ем екенін (қатерлі ісіктен бастап салмақ тастауға дейін) және ислам діні ұсынған құралдар қатарында екенін жазады. Өсімдік қасиеттерінің қатарында иммунтүрлендіруші және респираторлық ауру кезінде тиімді екені де айтылады. Бөлмені түтіндетіп, май, ингаляция және компресс түрінде пайдалану ұсынылған.

АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасының порталында біз Спиральді костустың кейбір микробқа қарсы қасиетіне қатысты, Сostus spiralis – Амазон бассейнінде өсетін және де халық медицинасында қолданылатын түріне қатысты зерттеу таптық. Антимикробтық қасиетке сүйек жапырақтарында өсетін эндофитті саңырауқұлақтар (13 саңырауқұлақ штамдары жиналды) ие. Саңырауқұлақтардың әртүрлі штаммдарының вариативті сығындылары Candida albicans және C. parapsilosis ашытқысына қатысты тежеуші белсенділікке және Bacillus subtilis, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella enterica және Enterocococcus faecalis микробқа қарсы белсенділікке ие болды. Вирусқа қарсы әсері туралы ештеңе айтылмаған.

Айтпақшы, мұсылмандарға арналған тауарлар сататын дүкенде Costus speciosus  және  Costus arabicus (костус тұқымдастары өте көп және тармақталған) түрлерінің тамырлары бар. Медициналық зерттеулер, шынында, C.arabicus су экстрактісі несеп-тас ауру кезінде пайдалы екенін көрсеткен. C. arabicus сабағы мен жапырақтарынан алынған этанол және метанол сығындыларын Escherichia coli мультирезистентті штамдары мен алтын стафилококқа қатысты бактерияға қарсы және модульдеуші ретінде пайдалану тиімді (бұл сығындылар антибиотиктермен суб-тежегіш концентрациялық байланыста болған кезде).

Оған қоса йемендік шөптер (метанол және су сығындылары зерттелді) қатарындағы арабиялық костус адамның рак жасушаларының үш сызығына қарсы in vitro антипролиферативті белсенділігі бар екенін көрсетті. Тағы да Кыст әл Хинди тамырынан алынған май немесе ұнтақтың вирусқа қарсы белсенділігі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Ескерту: бір қызығы Кыст әл Хинди атауымен сауда орындарында екі түрлі тұқымдас – зімбір (жоғарыда айтылғандардың бәрі) және астра гүлдерінен (aucklanadia costus) жасалған дәрілер сатылады. Whatsapp-та тараған мына видеода дәл осы Кыст әл Хиндимен түтіндету керек деп айтылған.

Қорыта айтсақ, Кыст әл Хиндидің вирусқа қарсы пайдасы бар екеніне ешқандай дәлел жоқ.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz