«Казахстанская правда» бюджеттен қанша ақша алады?

«Мемлекеттік сатып алу хабаршысы» айдары аясында біз «Казахстанская правда»-ның аудиторлық есептерін талдап, мемлекеттік тапсырысқа, яғни сіз бен біздің салығымызға қаншалықты тәуелді екенін анықтадық.

«Казахстанская правда» бюджеттен қанша ақша алады?

«Казахстанская правда» 100 пайыз (акциялар пакеті) мемлекет меншігінде және иелік ету құқы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне берілген. Мемлекеттік басылым дивиденттерін көрсетпеген.

«Казахстанская правда» бюджеттен қанша ақша алады?

Төменгі жақтағы нөлге жақын күлгін түсті сызыққа назар аударыңыз. Бұл gr5.gosreestr.kz порталында көрсетілген 2000 жылдан бергі  дивидент көлемі. Сандар 2018 жылға дейін көрсетілген, бірақ кейінгі аудиторлық есеп бойынша жағдай өзгермеген.

Ал мынау «Казахстанская правда»-ның шығындар сызығы (кестеде ашық қызыл сары түспен белгіленген).

«Казахстанская правда» бюджеттен қанша ақша алады?

Біз шығындар бөлігіне назарыңызды бекер аудартпадық, себебі мемлекет газетінің бюджеті көп жағдайда мемлекеттік тапсырысқа, яғни салық төлеушілердің қаражатына тәуелді.

2015 жылдан 2019 жылға дейінгі (2020 жылдың есебі әлі жарияланбаған) 5 жылдық аудиторлық есепті саралай келе «Казахстанская правда»-ның 43-49 пайыз бюджеті мемлекеттік тапсырыстан құралатынын көруге болады. Жазылу мен  бөлшек сауда кірістің үштен бір пайызын ғана құрайды (әр жылдары 26-39 пайыз аралығында). Яғни басылым кірісінің негізгі екі пункті – мемлекеттік тапсырыс, содан кейін ғана жазылу мен газеттің бөлшек саудасынан түсетін кіріс.

Жарнама ше?  Бес жыл ішінде жарнама бюджеті 343,2-ден 266,2 млн теңгеге түсіп кеткен.

«Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ-ның 2016 жылдан бергі кіріс көлемі мынадай.

 Мемлекеттік тапсырыс көлеміЖазылу мен бөлшек саудаЖарнама бюджетіҚорытынды сомма
2019741,8 млн теңге580,5 млн теңге266,2 млн теңге1,58 млрд теңге
2018746,2 млн теңге624,2 млн теңге273,8 млн теңге1,64 млрд теңге
2017739,3 млн теңге669,2 млн теңге282,3 млн теңге1,69 млрд теңге
2016714,4 млн теңге584,4 млн теңге292,7 млн теңге1,59 млрд теңге
2015712,9 млн теңге378,8 млн теңге343,2 млн теңге1,43 млрд теңге

Түсіндіре кетейік, «Казахстанская правда»-ның мемлекеттік тапсырысының негізгі екі көзі бар. Оның біріншісі – Ақпарат министрлігімен келісім бойынша мемлекеттік тапсырысты орындаудан түсетін табыс, екіншісі – облыстарда ақпараттық саясатты жүргізуден түсетін кіріс.

2019 жылғы сандар мынадай: 643,8 млн министрліктен және 97,9 млн тенге өңір бюджеттерінен. Яғни, басылымды қаражатпен қамтамасыз етуге биліктің орталық органдары ғана емес, әкімдер де әсер ете алады, ал оны қазақстандықтар төлейді.

2018 жылға дейінгі аудиторлық есептерде өңірлермен келісімшарттардың толық тізімін, нақты сандарды, бағаны табуға болатын еді. Алайда, кейін бұл тәжірибені тоқтатып тастаған. Десе де біз 2017 жылы тапсырыстың қалай болғанын көрсетеміз.

«Казахстанская правда» бюджеттен қанша ақша алады?

Бұл тізімде Ақпарат министрлігінен басқа 14 серіктес, яғни еліміздің барлық өңірі бар. Келісімшарт соммасы 3,5 млн-нан 13,3 млн теңгеге дейін. 

«Казахстанская правда»-ның кіріс бөлігі бойынша тағы бір қоса кететін жайт, 2018 жылдан бастап газеттің сайтынан да кішігірім пайда түсе бастады: екі жыл ішінде 8,7 млн теңге табыс тапқан. Бірақ өңірлермен мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттар көбірек табыс әкелетін тәрізді.

Қазақстандық салық төлеушілер жүздеген миллион теңгені неге төлеуі керек? «Казахстанская правда» сайтында мемлекет неге газетке инвестиция құятыны туралы анық түсіндірілген. Басылымның міндеті (басқа да міндеттермен қатар) – «өкілетті органдардың ішкі және сыртқы саясат мәселелеріне қатысты» ақпаратты тарату. Сондай-ақ, Казправданың жарғысында дәл сол мемлекеттік органдардың өтініші бойынша түсіндіру және нақтылау мүмкіндігі бар. Яғни, редакцияның саясаты мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты.

Басылымның тиражы – 100  мың. Газет елдің барлық аймағына тарайды.  Басылымның сайтында «Оқырмандар аясы кең; бізді зейнеткерлер мен үй шаруасындағы әйелдерден бастап ірі саясаткерлер мен дипломаттар оқиды» делінген. Шынында солай ма?

Бірақ аудит «Казахстанская правда»-ның тиражы төмендеп бара жатқанын көрсетті.

Нет описания.

Аудит 2016 жылдың 1 қазаны мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жүргізілген. Ешқандай сан көрсетілмеген өте қысқа қорытындыны 2020 жылдың ақпанында Ақпарат министрлігі жариялады. Тәртіп бұзу мен кемшіліктер арасында (тираждың төмендеуінен басқа) активтерді тиімсіз пайдалану мен ұжымдық басқару жүйесінің төмен дәрежеде болуы көрсетілген.

Factcheck.kz