Қазақстандағы патронаттық тәрбие туралы аңыз бен ақиқат

Қазақстанда 2018 жылға балаларды отбасына орналастырудың 5 түрі бар. Бұлар: патронат, қамқорлық, асырап алу, қонақ отбасы, бала асыраушы отбасы. Патронат –қамқоршы ұйым мен ата-ананың келісімшартқа отыруы арқылы жүзеге асатын қомқыршылықтың жеке түрі. Патронаттық асыраушының тікелей міндеттері – балаға қамқор болу және оның мүддесін қорғау. Қазақстанда патронаттық тәрбие жүйесі енгізілгелі бірнеше жыл болса да, қоғам мен БАҚ-та аңыз бен теріс пікір көптеп кездеседі. Мысалға 2017 жылғы 27 наурыздағы Central Asia Monitor газетіндегі материалды қарастырсақ болады.

Патронаттық тәрбие туралы ең көп тараған нарративтерді талқылайық.

1. Патронаттық тәрбие және асырап алу – бір нәрсе

Үкім: Жалған

Патронат және асырап алудың жалғыз ұқсастығы  – баланы отбасымен қамтамасыз ету. Заң тұрғысынан айырмашылығы орасан.  Қамқоршы мәртебесі келесідей болады: өмірлік асырап алушы – заңды ата-ана, ал патронат – уақытша қамқорлыққа алған ата-ана. Сондай-ақ өмірлік асырап алушы мұрагерлік және баланың төлемдерін басқару құқығына да ие болады, ал патронат мәселесінде асырап алушының мұндай құқығы болмайды.

Қазақстандағы патронаттық тәрбие туралы аңыз бен ақиқат

2. Қамқорлыққа алу тәртібі патронаттың функцияларын толықтай атқара алады, жаңа мән енгізудің еш қажеті жоқ

Үкім: Жартылай шындық

Патронат және қамқорлыққа алу құқықтық қатынастар жағынан ұқсас, алайда олардың арасында сын тұрғысынан қарағанда айтарлықтай айырмашылықтар бар. 

Баланың мәртебесі анықталмаған жағдайда, яғни туған әкесі немесе анасы ата-ана құқығынан айырылмай тұрып, баланы қамқорлыққа беруге болмайды. Мысалы, ата-анасы түрмеде болған жағдайда. Патронаттың бұл жағынан маңызды ерекшелігі бар: жетім мәртебесін алмаған бала отбасыға орналастырылуы мүмкін. Яғни, мәртебесі анықталмаған болса да, отбасында тұруға патронаттық құқық мүмкіндік береді.

3.Педагогикалық білімсіз патронаттық ата-ана болу мүмкін емес

Үкім: Жартылай шындық

Заң бойынша патронаттық ата-ананың педагогикалық білімі болу міндет деген аңыз бар. 

Қазақстандағы “Қамқоршы ата-аналар қауымдастығының” директоры Жанна Ким zakon.kz сұхбатында:

Бізде патронаттық тәрбиеші педагогтық мамандығы бар адам деп айтады, алайда бұл туралы заңда ештеңе айтылмаған. Айырмашылығы, егер патронаттық ата-анада педагогтың дипломы мен еңбек өтілі болса, жалақысы жоғары болатынында. Мамандығым басқа, сондықтан патронат үшін айына 28900 теңге аламын

4. Патронат – табыс көзі

Ата-аналар патронаттық арқасында табыс табады деген пікір бар. Жоғарыдағы Central Asia Monitor мақаласында осы ой айтылып кеткен.

Үкім: Жалған

ҚР заңы бойынша патронаттық тәрбиешіге жалақы төленеді. «Қазақстандағы қамқоршы ата-аналар қауымдастығы» директоры Жанна Ким патронат тәрбиешінің жалақысы 30000 теңге көлемінде екенін айтқан. Электрондық үкімет порталында патронат тәрбиешінің жалақысы келісімшартқа отырмас бұрын талқыланады, бірақ әдетте 10 АЕК аспайды (яғни, 2018 жылғы қаңтарға 24050 теңге) деп көрсетілген.

Бұл сома Қазақстандағы бекітілген ең төменгі жалақыдан (28284 тг) төмен. Баланың жасына байланысты әлеуметтік төлемдер 5-тен 10 АЕК арасында. Бұл ретте патронаттық тәрбиеге тек үш баланы алуға болады. Осылайша, патронат табыс көзі  деген бос сөз.

Сондай-ақ, “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінде патронат тәрбиешілер баланың мүліктеріне (алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де ұсынылатын әлеуметтік төлемдер) үміткер бола алмайтыны айтылған. Ақшаны тек балаларды тәрбиелеу мен күтуге жұмсауға болады.

5. Туған-туыс кез келген уақытта баланы алып кетуге құқылы

Бала үшін кенеттен пайда болған туысқан патронат тәрбиешіге қарағанда көбірек таласады деген сенім бар.

Үкім: Жалған

«Қазақстандағы қамқоршы ата-аналар қауымдастығы» директоры Жанна Кимнің айтуы бойынша, заң бойынша биологиялық туысқан баланы тек патронат тәрбиешінің жазбаша келісімімен ғана ала алады. 

Бұл мәселе “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекстің  93-бабының 5-тармағымен реттелген, келісімшарт бойынша берілген патронаттық тәрбиедегі баланы туысқаны асырап алу үшін патронат тәрбиешінің жазбаша келісімі қажет.

6. Балалар сектант отбасыларына түсуде

Үкім: Манипуляция

Асырап алу талаптарына сәйкес, қамқоршылық тәртібі бірінші кезекте баланың құқығын қорғайтындықтан, кез келген жағымсыз тұлға келесі құжаттарды тапсыру барысында әшекерленеді. 

Қажетті құжаттар:

  1. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш;
  2. Тұрмыстық жағдайын тексеруді жүргізу туралы өтініш;
  3. Балаға (балаларға) патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлға некеде тұрса, жұбайының келісімі;
  4. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлғаның денсаулығы туралы анықтама, соның ішінде психикалық ауытқушылығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелділігі жоқтығы туралы анықтама;
  5. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлға  некеде тұрса, жұбайының денсаулығы туралы анықтама, соның ішінде психикалық ауытқушылығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелділігі жоқтығы туралы анықтама;
  6. Патронат тәрбиеге бала (балаларды) алуға тілек білдірген тұлға некеде тұрса, жұбайының соттылығы жоқ (бар) екені туралы мәлімет.

Жауапты ұйым патронат тәрбиеге бала (балаларды) алуға тілек білдірген тұлғаның құқығын тексеріп және қорытындысы бойынша келісімшарт жасау немесе бас тарту туралы шешім шығарады

Сондай-ақ бала артықшылықтары ескеріледі:

  • Қамқоршы ұйым баланың діни, этникалық, тілдік қалауын ескереді;
  • Егер бала 10 жаста болса, оның келісімі қажет;
  • Балаларды таңдау кезінде аға-інілілерді, апа-сіңлілерді бөлуге болмайды;
  • Қамқоршы ұйым патронат ата-ананы жарты жылда бір рет тексереді.

Контекст

Қазақстандағы патронаттық тәрбие туралы аңыз бен ақиқатПатронаттық қамқорлық тұжырымдамасы Таурат және Киелі кітап түсініктері  жетімдерді қорғау заң алдындағы әркімнің борышы ойына негізделген. Британияда аз қамтылғандарға көмек жүйесі бойынша XVI ғасырдың басында патронаттық тәрбиеге ұқсас тәжірибе басталды. Кейіннен бұл құбылыс патронаттық тәрбие жүйесі ретінде Америкаға да жетті.

Қазақстанда патронаттық асырап алу тәртібі 2011 жылдың 26 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді. Патронаттық тәрбиенің құқықтары мен міндеттері ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі бойынша реттеледі.

Патронат дегеніміз – баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы келісімшарт. Баланы тәрбиелеуге ниет білдірген тұлға және қамқоршылық ұйым арасында жасалады. 

Патронат кімдерге белгіленеді: 

  • Кәмелетке толмаған жетім балаларға,
  • Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға,
  • Балалар үйіндегі жетімдерге.

 

 

P.S: Қазақстандағы “Қамқоршы ата-аналар қауымдастығы” патронаттық тәрбие мәселелері бойынша кеңес береді.

Тел.: 8 705 240 22 22.
Ұялы байланыс: 8 701 731 35 06.
Whatsapp: 8 777 595 46 03.
Мекенжайы. Алматы қаласы, Көктем-3, 20-үй, 76-пәтер.

Егер  балалар үйіне және патронат отбасыларына көмек бергіңіз келсе, 8 705 420 22 22 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz