Қазақстанда ЖОО оқитын 10 студенттің жетеуі ақылы бөлімде оқитыны рас па?

20 қаңтар күні Qamsy.kz сайтында “Елдегі студенттерінің қаншасы ақылы негізде оқиды?” деген мақала жарық көрді. Ішінде Қазақстанда оқитын студенттердің жалпы саны туралы, ЖОО саны туралы және т.б. фактілер келтірген. Factcheck.kz сайты бұл деректердің рас-өтірігін тексеріп көрді.

Елдегі жоғары оқу орындарында білім алатын 10 студенттің жетеуі ақылы негізде оқиды. Яғни жалпы 604 мың студенттің 424 мыңы алған білімі үшін ақша төлейді

Qamshy.kz

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019-2020 оқу жылының басына Қазақстанда 604 345 студент оқиды. Осы студенттердің 180 088-і мемлекеттік білім грантында оқыса, қалған 424 257-і ақылы бөлімде оқиды. Пайыздық тұрғыда 70,2%, яғни әрбір 10 студенттің жетеуі ақылы негізде білім алады.

Қазақстанда ЖОО-дан бөлек 740 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйымдар мен 42 филиал жұмыс істейді. Осында оқитын жалпы студенттерің саны – 475 443. Оның ішінде колледж студенттері – 474 542 болса, 901-і училищелерде білім алады.

Қазақстанда 125 жоғары оқу орны тіркелген, оның жартысынан астамы – жеке университеттер

Qamshy.kz

Үкім: Шындық, бірақ…

Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 129 ЖОО (филиалдарын қоса алғанда) жұмыс істейді. Оның ішінде 84 ЖОО-ы жеке меншік, қалған 41 ЖОО-ы мемлекеттік.

Барлық 125 ЖОО-ның 86-ы зерттеу университеттері, 17 академия, 14 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, қалған 8-і ұлттық университеттер.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz