Қазақстанда мүгедектігі бар қанша адам жұмыс істейді?

21 сәуірдегі мәжілістің кезекті отырысында депутат Ерлан Смаилов Қазақстандағы жұмыс жасайтын мүгедектігі бар адамдар жайлы мәлімдеме жасап, бірнеше статистикалық деректі атап өтті. Factcheck.kz сайты бірқатар деректерді тексеріп көрді.

Бүгінгі таңда 600 мың мүгедектігі бар ересек адамның ішінде жұмыс істейтіндердің жалпы саны – 85,5 мың адам

Ерлан Смайлов, депутат

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бізге берген мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізде 463 мың еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамның ішінде 82,9 мыңы жұмысқа орналастырылған.

Ал мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау ақпараттық порталына сүйенсек қазіргі таңда 623 368 мүгедектігі бар ересек адам тіркелген.

Оныің ішінде [жұмыс істейтіндер – ред.] 3-топтағы жұмыс жасайтын мүгедектігі бар адам саны – 62 012, 2-топта 18 467, 1-топта- 2 393 адам

Ерлан Смайлов, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бізге берген мәліметі бойынша, еңбекке қабілетті 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың саны – 2,4 мың адам, 1-топта 18,5 мың адам болса, ең көбі 3-топта 62 мың адам тіркелген.

Жыл басынан бері “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,4 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылған.

Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың ішінде 51 744 ер адам болса, 33 750-і әйел адам

Ерлан Смайлов, депутат

Үкім: Шындық, бірақ…

Еңбекке қабілеті бар мүгедектігі бар жұмыс жасайтын адамдардың жалпы санынан ерлер – 50,2 мың, әйелдер – 32,7 мың адам.

Контекст

ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар:

бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға құқылы.

14-бап, 4-тармақ

Сондықтан да егер денсаулығы жарап, кез келген жұмысты істеуге қабілетілігі болса мүгідектігі бар адамдарға Заң жүзінде шектеу жоқ.

Сонымен қатар, осы заңның 32-бабына сәйкес:

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.

31-бап, 1-тармақ

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz