Қазақстанда Linkedin желісі бұғаттан босатылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Linkedin әлеуметтік желісінің құқық бұзатын контентті өшіргенін алға тартып, бұғаттан бостылғанын хабарлады.

“Linkedin” әкімшілігі желіде жарияланған материалдар ҚР заңнамасын бұзатыны жайлы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ескерту хабарламасын қарастырды. “Linkedin” өкілдері қазақстандық тараптың талаптарын негізді деп танып, желіден заңсыз контентті алып тастады”, — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік Linkedin өкілдерімен келіссөз жүргізген соң қазақстандық қолданушыларға linkedin.com cайтын қайта қолжетімді етті.

27 шілдеде Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісіне құмар ойын мен жалған ақпаратты жарнама жасағаны үшін шектеу қойылған. Министрлік заң ережелері орындалса LinkedIn желісі қайтадан қолжетімді болатынын ескерткен еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz