Қазақстанда аралас мектептің көбейгені рас па?

Депутат Динар Нүкетаева сенаттың мамыр айындағы отырысында қазақ тілінің болашағына алаңдаушылық білдіріп, қазіргі Қазақстандағы мектептер туралы бірқатар деректерді келтірді. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрдік.

Елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 259 мың.

Динар Нүкетаева, Сенат депутаты

Үкім: Жартылай шындық

Білім және ғылым министірлігінің дерегіне сүйененсек 2019-2020 оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін 6 957 мектеп болған. Онда 3 242 280 бала білім алған.

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын 3726 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1181 мектеп, аралас тілде оқытатын 2043 мектеп бар.

Динар Нүкетаева, Сенат депутаты

Үкім: Жартылай шындық

Биылғы дерек бойынша 3 789 қазақ тілінде, 1185 орыс тілінде білім беретін, аралас тілде оқытатын 2 038 мектеп бар.

Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде, 12 мектеп өзбек тілінде, 11 мектеп ұйғыр тілінде.

Сенат депутаты Динар Нүкетаева

Үкім: Шындық

Басқа тілде оқытатын мектеп саны 23 екені рас. Олардың 12-өзбек, 11-ұйғыр тілінде білім береді.

Еліміздегі аралас тілді мектептердің соңғы 5 жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045, 2019 жылы – 2054 мектеп болған.

Сенат депутаты Динар Нүкетаева

Үкім: Жартылай шындық

Білім және ғылым министірлігінің деректеріне сүйене отырып келесіні айтуға болады: 2016 жылы Қазақстанда күндізгі жалпы білім беретін 2045 мектеп болған. Келесі жылдары бұл сан (2017) 2037, (2018) 2046, (2019) 2038 көрсеткен.

Ал, 2020 жылы аралас тілді 2043 мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016 жылмен салыстырғанда осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайын үдей түсіп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан.

Сенат депутаты Динар Нүкетаева

Үкім: Жартылай шындық

Биыл аралас тілді 2038 мектеп жұмыс істеген. 2016 жылы мұндай мектепте 1 203 012 бала білім алса, бүгінде бұл көрсеткіш 1 392 074 оқушыға жетіп отыр. Яғни, 2016 жылдан бері аралас тілді мектептерде оқушы саны 189 062 адамға өскен.

Басқа елдердегі жағдай қалай?

Министр өз сөзінде мұндай жағдай Қазақстаннан басқа елдерде кездеспейтін айтқан. Біз мұны да тексеріп көрік.

Яғни, аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30%-ға жуығын құрап отыр. Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай.

Сенат депутаты Динар Нүкетаева

Қырғызстан

Қырғызстанның білім және ғылым министірлігінің дерегінше ел мектептерінің 75%-і қырғыз тілінде білім береді. Ал орыс тілінде-216, өзбек тілінде-43, тәжік тілінде-3 мектеп жұмыс істеп тұр. Орыс тілі мен қырғыз тілінде оқытатын 551 аралас тілді мектеп жұмыс істейді (2018 жылғы дерек).

Өзбекстан

Өзбекстан Республикасының халықты біліммен қамту министірлігінің дерегіне сенсек, 2017-2018 оқу жылында елде 9628 мектеп болған. Оның 9018-і өзбек тілінде, 903-і орыс тілінде, 365-і қарақалпақ тілінде, 378-і қазақ тілінде білім берген. Бұдан бөлек тәжік (245), қырғыз (90), түркімен (44) тілдерінде білім беретін мектептер бар.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz