Қазақстанда әр 3 сағатта бір әйел, тәулік сайын 2 бала зорланады. Рас па?

3 қыркүйек күні Zakon.kz ресурсы #НеМолчиДетиKZ ҚҚ директоры Алмат Мұхамеджанов қатысқан баспасөз конференциясында айтылған ақпаратқа негіздеп материал жариялады. Спикер мәлімдегендей, «Қазақстанда әр үш сағат сайын бір әйел, әр тәулік сайын екі бала зорлық-зомбылықтан зардап шегеді». Материалдан түсінгеніміздей, мұндай есептеулер жүргізілген статистика ресми және ҚР БП арнайы ресурсында жарияланған.

«2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда 799 әйел зорланған. 2018 жылы ҚР ҚК 120, 121 –ші баптарымен 1332 арыз түскен, оның 231-і балаларға қатысты зорлық-зомбылық. Бұл арыздардың 454-і ғана сотқа кетті»- делінген материалда. Біз бұл тақырыпты бұрын жазған болатынбыз, мәліметтерді жаңартайық.

ҚР БП статистикасын көрейік:

Қазақстанда әр 3 сағатта бір әйел, тәулік сайын 2 бала зорланады. Рас па?
1-1 бөлімінде. Тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар мен ағымдағы кезеңдегі қабылданған шешімдер. I, J және L әріптері әйелдерге, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты қылмыс пен құқықбұзышылық саны, соған сәйкес есептік кезеңде сотқа жіберілген қылмыстық істер.

Осылайша, расымен де ҚК-тің 120- және 121-баптар бойынша 2018 жылы әйелдерге қатысты 1332, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты – 231 құқықбұзушылық тіркелген. Кестеден көріп отырғанымыздай, есептік кезеңде тіркелген құқықбұзушылықтан 454-і сотқа жіберілген.

Үкім: Шындық

Біздің есептеуіміз тіркелген қылмыс бойынша ресми мәліметтерге негізделген спикердің есептеулерінен сәл басқаша. Дегенмен, жәбір көргендердің барлығы полицияға жүгінбейтінін ескерсек, мәлімет шындық. Тіпті шынайы өмірде бұдан қорқынышты болуы мүмкін.

Толығырақ

Кәмелет жасына толмағандарға келер болсақ, әр екі тәулік сайын Қазақстанда (ресми түрде) осындай қылмыстан бала зардап шегеді, нақтырақ айтсақ, 2018 жылы Қазақстанда сексуалдық күш көрсетуден әр 10 тәулікте 6 кәмелетке толмаған бала зардап шеккен.

2018 жылдың ресми статистикасын негізге алсақ, әр 6-7 сағат сайын бір әйел сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен.

Қолымызда бар мәліметтермен 2019 жылды тексерейік. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2019 жылдың 7 айының мәліметтерін жариялап қойыпты:

Қазақстанда әр 3 сағатта бір әйел, тәулік сайын 2 бала зорланады. Рас па?

Бұл кезеңде ҚК-тің 120- және 121-баптары бойынша әйелдерге қатысты 927, балаларға  қатысты 201 құқықбұзушылық тіркелген. Жылдың басынан бергі 7 ай – 212 тәулік, яғни әр 5,5 сағат сайын Қазақстанда бір әйел зорланады, ал әр тәулік сайын бір бала зорлыққа ұшырайды.

Белсенді 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығының да мәліметтерін келтіреді, ҚР БП дерегінше, әйелдерге қатысты 797, кәмелетке толмағандарға қатысты 179 құқықбұзушылық тіркелген.

Бұл сандарды жазу тұрмақ, оқудың, тіптен ойлаудың өзі қорқынышты. Әртүрлі бағалаулар бойынша әлемде 8,4%-дан 35% зорлау жағдайлары ғана полицияда тіркеледі. Өйткені зардап шеккендер әртүрлі себептермен болған жағдай туралы айтпайды. Яғни, олардың нақты санын есептеу өте қиын. Біз материалда тек тіркелген құқықбұзушылықтарды негізге алдық.

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстан ТМД елдерінің арасында жыныстық зорлық-зомбылық бойынша бірінші орында ма?

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz