Инфошу | Ерлан Оразбайдың жолы

21 қаңтарда қазақстандық БАҚ-тың көпшілігі 26 желтоқсанда ҚР Президентінің іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалған Ерлан Оразбай туралы материал жариялады.

Тақырыптары шамамен мынадай: «Даяшы болып бастады – қазақстандықтарды шенеуніктің өсу жолы таңқалдырды» немесе «Даяшыдан Президенттің іс басқарушысының орынбасарына дейін». Оған мансап жолына қызыққан журналист Гүлнар Бажкенованың посты себеп болған тәрізді. Біз шенеуніктің еңбек жолы расымен сондай қызықты ма деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Әуелі ресми өмірбаянына тоқталайық:

  • Ерлан Сапарұлы Оразбай 1979 жылы 13 қарашада Өзбекстанның Ташкент облысындағы Чирлик қаласында дүниеге келген.
  • 2011 жылы “Тұран Астана” университетін тәмамдады. Ал 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алып шықты.
  • Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты “Салтанат Сарайы” қабылдау үйінде даяшы болып бастайды.
  • 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сының №1 асханасында даяшы;  
  • 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты “Акорда” асханасында даяшы;
  • 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сының №1 асханасында бас даяшы, Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты  “Қызылжар” резиденциясында бас даяшы;
  • 2013 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Қараөткел” РМК директоры; 
  • 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК директорының орынбасары;
  • 2019 жылы 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сонымен, ол 18 жыл бойы бір салада, тіпті бір кеңседе жұмыс істеген. Даяшылық жұмысымен қатар Ерлан Оразбай экономика және бизнес саласында білім алып, бір жылдан кейін бас даяшы болады (қызметке қойылатын талаптар сілтемеде), тағы бір жылдан аса уақыт өткен соң “Қараөткел” РМК-ға басшылық етіп, екінші жоғары білім алады. Содан кейін ғана Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК директорының орынбасары болады. Оның негізгі міндеті – «мемлекеттік резиденцияларға кешенді қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету». Араға екі жылдан аса уақыт салып осы сала бойынша, яғни мемлекеттік резиденцияларды басқару бойынша Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалады.

Инфошу | Ерлан Оразбайдың жолы
ҚР Президенті іс басқару құрылымы

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Оразбай Ерлан Сапарұлы АҚ-мен аффилирленбеген, заңды тұлғаларға қатыспайды және жеке кәсіпкерлігі жоқ (болмаған).

Қорытынды

  • 18 жылдық қызметін жоғарғы емес деп айту қиын (төмен де емес). Кейіпкеріміз сол кезеңде екі жоғары білім алды,  сонымен қатар басқару саласындағы 8 жылдық тәжірибе қарқынды әрі ерекше болған дейді lsm.kz-дегі әріптесіміз Бекзада Ишекенова.
  • Сонымен қатар, Ерлан Оразбай – «бірінші санаттағы саяси шенеунік» деген пікірге келісу қиын. Мемлекеттік қызметкерлердің санат классификациясы бойынша оның қазіргі қызметі В-4 санатына жатады.
    UPDATE: Десе де, іс басқарушының орынбасары саяси қызметке жатады, оған Қазақстан Республикасы Президентінің Істерін Басқару мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары кіреді. (2015 жылғы Президент Жарлығын қараңыз). Оның қызметі бірінші қатарға жатпайды.
  • Осылайша, Ерлан Оразбай мансабына деген БАҚ мен әлеуметтік желілердің қызығушылығы – негіздемесі аз ақпараттық шу ғана деген қорытындыға келеміз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz